Бұзақы топтың шырғалаңы

Жедел жәрдем беру ауруханасында тағы бір азамат қайтыс болды
Жедел жәрдем беру ауруханасында тағы бір азамат қайтыс болды

Шымкентте мұздай қаруланған бұзақы топ бейбіт тұрғындардың үрейін ұшырды. Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне Бадам елді мекенінде жанжалкеш жұғымсыздардың қару асынып жүргені туралы хабар келіп түскен.

Мәлім болғандай, жаппай төбелеске екі әулет арасындағы кикілжің себеп болған. Қыза түскен даудың соңы қып-қызыл төбелеске ұласады. Өштескен ағайындар соңында бір-біріне қарумен оқ жаудырған.

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, «кескілескен шайқастың» салдарынан 15 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Адам шығыны да бар.

Ауыр зақымның кесірінен 2 кісі көз жұмды. Қазіргі оқиғаның жай-жапсары жіті тексерілуде.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=h51kJ6fQj30[/youtube]