Көп жыл кезекте тұрғандарға пәтер кілті табысталды

234
Пәтер алғандардың 9-ы ҰОС ардагері
Баспанаға кезекте тұрғандарға кілт табысталды

Көптен күткен қуаныш. Өңірдің 80 жылдығына орай пайдалануға берілетін 80 нысанның бірі Нұрсат шағынауданындағы 30 пәтерлі үйдің кілттері табыс етілді. Республикалық бюджет есебінен тұрғызылған үй көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрғандар отбасыларына салынған.

Осы  күні пәтер кілтін алған азаматтардың 9-ы Ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары. 11-і әлеуметтік жағдайы төмен, 9-ы бюджетік мекеме қызыметкерлері. Ал бір азаматқа бұрынғы үйі апатты деп танылғандықтан пәтер берілді. Бифатима Хамитбекова пәтер кезегінде 1986 жылдан тұрған. 5 баланың анасы 26 жыл күткен баспанасына қол жеткізгеніне қуанышты.

Пәтер алғандардың 9-ы ҰОС ардагері

Биыл жыл соңына дейін қала әкімдігі тағы 200 пәтер беруді жоспарлап отыр. Келесі жыл тұрғын үй жылы деп белгіленгендіктен, Республикалық бюджет 3 млрд, облыстық бюджет 12 млрд теңге бөліп, 80 көпқабаты үй тұрғызбақ. Ал облыста тұрғын үйге деген сұраныс 1 млн 200 мың шаршы метрге тең болып тұр. Оның да өзгеретіні заңды. Себебі, кезекке тұратындар көбеюде.

2020 жылға дейін қабылданған тұрғын үй бағдарламасына сайкес, енді көпқабатты үй тұрғызуға басым бағыт беріледі. Еліміздегі үшінші қала мәртебесіне ие болу үшін.

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7lgcL1AHP-I[/youtube]