Облыстық Кәсіподақ кеңесіне 80 жыл

Досыбай Шерімқұлов, Облыстық Кәсіподақ кеңесінің төрағасы
Досыбай Шерімқұлов, Облыстық Кәсіподақ кеңесінің төрағасы

«Қоғам және кәсіподақ». Бүгін облыстық кәсіподақтар Кеңесінің 80 жылдығына арналған конференция болып өтті.

Кәсіподақтар кеңесін жаңғырту бүгінгі кәсіподақ ұйымдарының ең өзекті мәселесі болып отыр. Сондықтан жүйені жаңғырту үшін кәсіподақтар қызметіндегі проблемаларды айқындап, қажетті жағдайда табанды бағыт ұстанып, оң шешімі табылуы тиіс.

Бұл талмай жұмыс істеудің бірінші басымдығы болып табылады дейді Облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Досыбай Шерімқұлов. Екінші, жұмыс күшінің лайықты бағалануы, теңсіздік пен кемсітуді болдырмауды талап ету; үшінші, еңбектің қауіпсіз жағдайына барлық жерлерде қоғамдық бақылау жасап, үш сатылы бағыт жасау; төртінші, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарды ұжымдық шарттар түзуін қамтамасыз ету болып табылмақ.

Бүгінде ОҚО кәсіподақтар Кеңесі 13 салалық кәсіподақ бірлестіктерінің жұмысын үйлестіреді. Олардың құрамындағы 1968 бастауыш кәсіподақ ұйымында 191 мыңнан астам адам қызмет етеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11090 адамға өскен. Бұл жалпы жалдамалы жұмысшылардың шамамен 3/2 бөлігін құрайды.