Орталық саябақтағы түбегейлі өзгерістер

Саябақтағы шахмат клубы ардагерлер үйіне айналады

 

Саябақтағы шахмат клубы ардагерлер үйіне айналады

Шымкенттің орталық саябағындағы субұрқақтарының бірі топырақпен толтырылуда! Арнамызға осылай деп бірнеше тұрғын қоңырау шалды. Олар тұрған заттың неге бұзылып жатқанын түсінбейді. Олардың сауалына жауап іздеп «Орталық саябаққа» аттанған болатынбыз. 

Шынында да, орталық саябақ бүгінде адам танымастай өзгерген. Мұнда қазір қарқынды құрылыс жүріп жатыр. Бұл тұрғындардың алаңдаушылығын тудыруда. Олар өткен жылы ғана қайта жөндеуден өткен мына субұрқақтың тағдыры не боларынан хабарсыз.

 

Орталық саябағындағы субұрқақ орына ескерткіш орнатылады

Осы маңды бақылап жүрген суретшілер одағының төрағасының сөзінен 3-қараша, яғни қала күніне дейін субұрқақтың орнына 3 мүсін орнатылатынын білдік. Одан кейін мыстан жасалған 2 метрлік ескерткіштер маңы көріктендіріледі.

Орталық саябақтың болашақтағы көрінісі қалалық сәулет және құрылыс бөлімінде әзірге жоба ретінде жатыр. Қайсы нұсқа таңдалатыны әзірге құпия сақталуда. Жалпы, саябақты абаттандыруға 80-90 млн. теңге жұмсалмақ. Ал шахмат клубы бір немесе екі қабатты ардагерлер үйіне айналады.

Аумағы 5 га құрайтын Орталық саябақты көріктендіру жұмыстары 2 аптада аяқталмақ. Бұйыртса, Шымкенттің төл мерекесі қаламыздағы белгілі демалыс орындарының бірі жаңа кейіппен қарсы алады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=43snscbodkc[/youtube]