Шымкентте қысқа дайын емес көпқабатты үйлер көп

235
Жылу жүйелері дайындықтан өтпеген үйлер көп
Жылу жүйелері дайындықтан өтпеген үйлер көп

Жылу маусымына жүргізілген жұмыстың сапасыздығы екі бірдей көпқабатты үй тұрғындарын аяғынан тік тұрғызды. Шымкенттегі «Восток» шағынауданындағы үйлердің жертөлелері жылу жүйесіне жүргізілген сығымдау жұмыстарынан кейін ыстық суға толған.

Бұл «Шығыс» шағынауданындағы №43 үйдің төрағасы. Сапасыз жүргізілген сығымның кесірерінен жертөлелеріндегі жылу құбырлары жарылып кеткен. Нәтижесінде үй асты ыстық суға толып барады. Көмек сұрап хабарласпаған жері қалмаған. Өткен аптадан бері Жылу энеркго орталығының мамандарын күте-күте шаршапты.

Нұрмахан Тұрғанов, №43 үйдің төрағасы: «Олар сығым жасағанда шіріген құбырлар қысымға шыдай алмай жарылып кеткен. Басын ауыртып жатқан ешкім жоқ. Біз отырмыз жертөлеміз суға толып».

Ал дәл осы шағынаудандағы №39 үйдің жылужүйесіне сығым жұмыстары жүргізілмеген. Жылу маусымына дайынбыз деп жар салғандар біздің үйдің жертөлесіндегі жағдаймен таныс емес. Мұнда құбырлардың бұрағыштары жұмыс та істемейді дейді үйдің төрағасы.

Әнуар Ордабеков, №39 үйдің төрағасы: «Біздің жылу құбырларына қысым жасалған жоқ деп Еңбекші аудандық әкімдігіне

Үй төрағасы жауапсыздыққа налиды

хабарластық. Ертең барамыз деген, содан міне жаз шықты, күзде өтіп барады. Ертең қыстың көзі қырауда не істейміз? Неге қарапайым халықтың жағдайын ойламайды?»

Осылайша, қыстың қамын жеген үй төрағалары кімнен көмек сұрарларын бермейді. Қаһарлы аязда үйіміз жылымай, жертөлеміз мұз айдынға айналу мүмкін дейді. Сол себепті жауапты органдардың жылдам әрі шынайы қимылдауларын сұранады.

 

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=H-axR-UqNkg[/youtube]