Жоғалған 3 жасар бүлдіршін табылды

325
Жаңылай аман-есен үйіне оралды
Жаңылай аман-есен үйіне оралды

Қазығұрт ауданында жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршін табылды. Осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен қызды тәртіп сақшылары тауып алды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер.

Кешкі жетілер шамасында қой қарап көшeге шыққан үш жасар Жаңылай 10 жасар әпкесінен ажырап, адасып қалады. Оны ата-анасы, ауыл-аймақ іздеп таппаған соң, полицияға шағымданған.

Ақылбек Елқондыұлы: » Біз әбден іздеп, таба алмаған соң Қазығұрт аудандық ІІБ-на хабарласық. Полицейлерге рахмет. Жедел қимылдап, барлығын да дер кезінде жасады. Қызымды аман- есен табуға үлкен көмек жасады».

Бүлдіршін қызды тәртіп сақшылары таңғы 5-тер шамасында тапты. Ауылдан 12 шақырым жерге алыстап кеткен балғын әбден жылап, шаршап ұйықтап қалыпты. Оған қоса тоңып қалған қыз бала қазір дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы жақсы, денсаулығы бірқалыпты.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД басқарма бастығы: «Ауылдан 12 шақырымдай жүріп, шаршаған қыз бала әбден шаршап, ұйықтап қалған. Қазір ауруханада. Жағдайы жақсы, денсаулығы да қанағаттанарлық .»

Үш жасар Жаңылай үйдегі 5 баланың 4-шісі. Оның аман қалуы Жаратқанның қарасуы деп отыр ауыл адамдары. Өйткені, таяу маңда үлкен арық бар, оның үстіне түзде жүрген аң-құс та бар. Қазір дер кезінде тәртіп сақшыларына хабар беріп, олардың жедел қызметінің нәтижесінде қызымен қауышқанына ата-ананың қуанышында шек жоқ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LEdNEG_P3DA[/youtube]