Жол полициясы заңсыздыққа жол берген

жол полициясының заңсыз әрекеттері

 

жол полициясының заңсыз әрекеттері

Облыстық прокуратура жол полициясы басқармасының бірқатар кемшіліктерін анықтады. Қадағалаушы орган тексеру кезінде жол сақшыларының заң бұзушылықтарға жол бергенін әшкереледі. Әкімшілік құқық бұзушылық бланкілерінің жоғалуы мен көрсеткіштердің кемітіліп көрсетілуі күмән тудырып отыр.

Баспасөз мәслихаты бастала саласымен прокурор нақты дәйектерді басып айтты. Басқармада белгісіз себептермен 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық хаттама бланкілері жоғалған.

Бұдан бөлек, прокурорлар жол көлік оқиғаларының көрсеткіштеріндегі ауытқуды анықтапты. Медицина мекемелерінде тіркелген зардап шегушілер мен қаза тапқандардың саны сәйкес келмейді. Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдықта 54 мың жол ережесін бұзу фактілері орын алса, соның 34 мыңы «Red Speed» автоматты жүйесі арқылы тіркелген.

Ал жол сақшылары бұл кемшіліктерді жасырмайды. Хаттама бланкілерін жоғалтқан лауазымды тұлға жылы орнымен қош айтысыпты.  

Қазір осы кемшіліктер бойынша қаржы полициясы да тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал прокуратура тарапынан ішкі істер департаментінің басшылығына мұндай әрекеттерге жол берген лауазымды тұлғалардың үстінен шара көру туралы ұсыныс беріліпті. 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OmUAHpQOo7A[/youtube]