Қоғамды жайпап бара жатқан жемқорлық, жастарды да жаралап жатыр

379
Парламент Мәжілісінің депутаты оңтүстік жастарымен кездесті

Жастар өзекті мәселесін Парламент мәжілісі депутаттарының алдында жайып салды. Оларды қоғамда орын алып жатқан мәселелер бей-жай қалдырмайды. Әсіресе, көптен бері жыр болған жол жүру билеті қайта көтерілді. Заңда қаралып жатыр деген жауап жастардың қынтығына тиді.

Мәселесі үш жылдан бері шешілмейтін олар, ендігі үміттерін үзгендерін де жеткізді. Елбасының «дипломмен ауылға» бағдарламасының өз деңгейінде жүргізілмейтініне де шағымданды.

Қоғамды жайпап бара жатқан жемқорлық, жастарды да жаралап жатқанынан хабар берді. Осылайша оңтүстіктің жастары «Жастары саясаты туралы» заңға енгізілетін өзгерісте ауыл жастары шет қаламаса деген тілектерін де жеткізді.