Аbdi кеңселік тауарлар дүкені студенттердің сұранысына ие

720
Аbdi кеңселік тауарлар дүкені студенттердің сұранысына ие
Аbdi кеңселік тауарлар дүкені студенттердің сұранысына ие

«Студенттік өмір». Әрине осы бір сөз тіркестеріне баршамыз қызыға да, қызғана да қараймыз. Алайда студенттер қауымы өмірінің де өзіндік қиындықтары болады. Мәселен, жоғарғы білім алушыға дәптер, қалам – жалпы кеңселік заттар ауадай қажет. Сондықтан, оқу құралдары күн тәртібінің басты назарында. Ал осындай жағдайда  шымкенттік студенттерге «Абди» кеңселік тауарлары сатылатын дүкен көмекші болып отыр.

Сырым Қошқарбаев, abdi кеңселік тауарлар дүкені Шымкент қалалық филиалының директоры: » Біздің кеңселік тауарлар дүкеніне келіп, қажетті заттарын алатын клиенттеріміз жетіп-артылады. Барлығының айтары да бағасы арзан әрі тиімді дүкен дейді. Әсіресе, жоғарғы оқу орындарының студенттері дәптер-қаламын бізден келіп әкетеді. Әрине, біз де клиенттеріміз үшін ең сапалы өнім мен бағасы қалта көтерерліктей етіп ұсынамыз. Бұл біздің қағидамыз! Біздің көпшілік тұтынатын тауар болып отырғандағы құпиямыз да осы. Баға мен Сапа! Сондықтан болса керек, біздің дүкеннің атын  естігеннен жұртшылықтың жүзі жадырап сала береді».

Сонымен, студенттерге қажетті оқу құралдырының бірқатарының ең төменгі көтерме бағасына тоқталсақ,

сызғыштың бағасы – 25 теңгеден басталады,

дәптер – 10 теңгеден,

қаламсап – 9 теңгеден,

қалың дәптер – 40 теңгеден,

қалам- 13 теңгеден,

Өшіргіш – 13 теңге,

ұш шығарғыш – 38теңгеден,

А 4 өлшемдегі ақ қағаздар топтамысының бағасы 595 теңгеден басталады.

«Абди» кеңселік тауарлар дүкені сапалы өнімді тиімді бағада ұсынып отыр

Арайлым Бауыржан, студент: «Иә, мен студент болған дәптер-қалам өте көп қажет. Бүгін де дәптерлерім толып қалды «лекция» жазған соң, дәптер алуға келдім «абдиға». Бұл дүкен біздің досымыз. Өзге дүкендерден дәптер-қаламымызды түгендейік десек, бағасы көңілге қонымсыз. Бағасы арзан болса, сапасы төмен. Сондықтан әрдайым топтастарммен келіп, керек-жарақтарымызды осы «абди»-дан аламыз. Кішкентай сіңілім де мектепке дәптер-қаламын осы дүкеннен алады. Біз отбасымызбен осы дүкеннің клиенттеріміз!»

Мақсат Амангелдіұлы, студент: «Әрине, дәл қазіргі уақытта барлық дүниенің бағасы шарықтап тұр ғой. Сондықтан біз де қалтамызға қарап көсілеміз. Ал жоғарғы оқу орнымыздың жанындағы дүкендердің бағасын сөзбен жеткіза алмаймын. Үстіне 2 есе бағасын қосады. Бізге қиын әрине. Сондықтан «абди» кеңселік тауарлар дүкеніне арнайы келіп, дәптерлер мен тағы да басқа оқу құралдарын сатып аламын. Бұл мен үшін өте тиімді. 1 теңге болса да студент үшін ақша. Өте сапалы заттарына қарап, риза болмасқа шара жоқ, рахмет айтқым келеді дүкен басшылығына! Бізге осындай өнім ұсынып отырғандары үшін».

Айт өтейік, Шымкентте жалпы саны 3 abdi кеңселік тауарлар дүкені жұмыс жасап отыр. Сонымен қоса, шымкенттік филиал 1996 жылы ашылған. Мекен жайлары: Ғ.Іляев көшесі  11, Тәуке хан даңғылы 11, Жангелдин көшесі 1.