Бадамдықтар тағы да тасқынға тап болды

Нұра көшесінің тұрғыны Қатира апа азаннан бері үйінен шыға алмай жүр

Шымкентте тағы да тасқын. Түнімен толассыз жауған жаңбыр қалалықтарды әбден әбігерге салды. Әсіресе «Бадам» елдімекеніндегілерге қиын боп тұр. Мұнда 2 көшені түгелдей су басып қалып, тұрғындары таңертең аулаларына шыға алмай қалған. Дәл осындай жағдай «Қайтпас» және «112»-шағынаударда да тіркелген. Арық-атыздан тасыған суды сорғылау жұмыстары таңертеңнен бері жүріп жатыр.

Бадамдықтардың түн ұйқысы төрт бөлінген. Өйткені жаңбыр жауса үйді су басу қаупі төнеді де тұрады. Міне, бұл жолы да солай болды. Аулаларды су басқаны сонша Нұра көшесінің тұрғындары үйлерінен шыға алмай қалған. Көше тұрғыны Қатира апа үйіне таяуда ғана жөндеу жұмыстары жасалғанын айтады. Енді болса, бәрі кеш. Дуыл, қабырғанын бәрі намданып, еткен еш кетті дейді ашынып.

«ЛТД Тұрмыс» мекемесінің жұмысшылары кеше түннен бері осымен 8-рет сорғылау жұмыстарын жүргізуде

Үрей құшқан тек тұрғындар емес, «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің мамандары да. Өйткені үйді су басса, таяқтың бірі соларға тиеді. Түнімен тыным таппадық дейді олар. Бір көшені тазартып боламыз дегенше, екіншісін су басып жатыр.

Александр МОИСЕЕВ, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшысы: «Сорғылау жұмыстарын жасап жатқанымызға 12 сағаттан асты. Жаңбыр тым көп жауғандықтан, түгелдей тазарту мүмкін болмай жатыр. Мұндай су басу Бадамда ғана емес, Қайтпас, 112-ші шағынаудандарда да болып жатыр».

Тасыған су аулаларға лап бергенде халық абдырап қалыпты. Баспаналарын судан сақтау үшін өздігінше әрекеттенген. Қапшықтарға құм толтырып сарсаңға түссе керек.

Мұнда арық деген атымен болмай шықты. Әр жаңбыр сайын аулаларды су басатыны сондықтан. Тасқыннан теперіш көргендер қашыртқы салу қажет деп жергілікті билікке қанша арызданғанмен нәтиже жоқ. Керісінше, қызық жауап қатса керек. Арық қазылар болса астынан газ бен су құбыры шығады. Сөйтіп суыққа шыдамайды депті. Бұл дегені мұнда арық атыз үшін жер қалмаған, халық әлі талай рет батпаққа батады.

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1m-opAI4GOw[/youtube]