Егіздердің Президентке арнаған хаты

Егіздер: Нұрсұлтан мен Нұрсұлу Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге

 Шымкент қаласында ту ып-өскен Нұрсұлтан мен Нұрсұлу ағалы-қарындас-егіздер. Жақында олар Елбасыға хат жазды. Өтініштері бар.  Көп айтып қайтеміз, балалардың хатын оқысаңыз, өзіңіз-ақ түсінесіз барлығына…

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевқа

Аса кұрметті Президент мырза!

Егіздер: Нұрсұлтан мен Нұрсұлу Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге

Бұдан тура 20 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 28 қыркүйегінде, Сіз тұңғыш рет, қилы замандардың салдарынан дүние жүзіне тарыдай шашылған қандастарымыздың басып қосып, әсем Алматыда Дүниежүзіқазақтарының алғашқы құрылтайында әлемдегі қандастарға арнап сөз сөйлегенде, біз – 3 күннен бері анамыздың құрсағынан шыға алмай жатқан егіздер, шамалап алғанда сол сәтте мына жарық дүние есігін ашыппыз!

Аталмыш құрылтайдың ашылу салтанатын көріп отырған әжеміз Күлімхан, ұлы, яғни біздің әкеміз өмірге егіздер келгенін жеткізгенде, «бірінші Алланың шапағаты, одан кейін бүгін дүниежүзіндегі қазақтардың басы қосып, жиын өткізіп жатқан Президентте де бекер адам емес, сондықтан егіз немерелерімнің есімі Нұрсұлтан мен Нұрсұлу болсын» деп шешім айтқан екен. Өсе келе, әжеміздің әр кез «тек адам Патша болмайды» деген сөзді жиі айтып отырғанын талай естігенбіз.

Ай күнінен ертерек, шала болып туылған біздерді «екінші құрылтайда қалай болғанда да Елбасымен суретке түсіремін деген әкеміз, өзінің арманын Ежелгі Түркістанда өткен құрылтайда жүзеге асырды және сондағы түскен суретті Сізге жолдап отырмыз.

Сонда және одан кейінгі жазған хатыңызда Сіз бізге «жақсы оқып, Еліміздің азаматтары болыңдар» деген мағынада аталық сөздер арнағансыз.

Біз сол Сіздің аталық сөзіңізді орындап, екеумізде еліміздің екі мақтаулы жоғарғы оқу орындарына (ҚазҰУ мен ҚазҰТУ) мемлекеттік грантпен оқуға түстік және қазіргі күнде 3 курста оқып келеміз.

Қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы!

Тәуелсіздік жылдарындағы кейбір сәттерді еске сала келе, біз Сізді өзііңіздің бастамаңызбен құрылған Дүниежүзіқазақтары қауымдастығы құрылтайының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық бағыштай отырып, Тәуелсіз еліміздің болашағына бағыштаған еңбектеріңіз жемісті болсын дейміз!

Бір өтініш: қанатымыз қатайып біріміз бойжеткенде, енді біріміз ержеткенде Сізбен тағы бір рет суретке түссек дейміз!

Құрметпен,

құрылтай құрдастары Нұрсұлу және Нұрсұлтан Есқараевтар

Байланыс сымтетіктер: 87057020220, 87758233204