«Нұрбанкте» ашық есік күні

284
Нұрбанке келіңіздер

 

Нұрбанке келіңіздер

«Нұрбанк» қала тұрғындарына арнап ашық есік күнін өткізді. Іс-шара барысында тұрғындар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алып, банктің қызмет түрлерімен танысты.

Бұл күні банк қызметкерлері осында келген әрбір жерлесімізге күтпеген сый әзірледі. Түрлі-түсті блокноттар мен түрлі буклеттер тек істің басы ғана еді. Күнделікті менеджерлерге кезекте тұратын тұрғындар кез-келген сұрақтарын қойып, тиіст жауап алуға мүмкіндік алды. Олардың арасында Қадырхан Табыров та бар. Кәсіпкер Нұрбанктің қызметін осымен 5 жылдан бері пайдаланып келеді.

Банктің жаңа мүмкіндіктері, ұсынылатын қызметттердің барлық түрлері жайында толық мәлімет беру үшін Нұрбанктің басшылығы жыл сайын ашық есік күндерін ұйымдастырып тұрады. Бүгін банкке келген тұтынушылардың көбісі қолма-қол несие алу, оны мерзімінен бұрын төлеу, несие карталарын рәсімдеу секілді қызметтер туралы көбірек білгісі келді.

«Біз үшін банк өнімдері мен қызмет түрлері жайлы толық мәлімет беру маңызды. Сондықтан біз ашық есік күндерін жиі өткізіп тұрамыз. Онда тұрғындарға қаржылық жағынан сауатты болу үшін жан-жақты ақпар береміз», дейді «Нұрбанк» АҚ филиалының директоры Сырым Атыбаев.

Ашық есік күні – бір реттік іс-шара емес, тұрғындардың қаржы әлемінде жан-жақты ақпарат алуы үшін ұйымдастырылып тұратын үздіксіз акциялардың бірі ғана. Бүгінгі таңда Қазақстанның ірі қалаларында Нұрбанктің 16 филиалы жұмыс істейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mJzz20BTHyM[/youtube]