Шымкентте көлікті жүргізушісімен бірге ұрлап кеткендер құрықталды

232
Қылмыстық топ құрықталды

 

Қылмыстық топ құрықталды

Шымкентте автокөлікті жүргізушісімен бірге ұрлап кеткендер құрықталды. Қырқүйек айында қылмыстық топтың мүшелерінің бірі өзінің танысы – кәмелет жасына толмаған жеткіншектің көлігіне мініп, алдап-сулап қала сыртына алып шыққан. Содан кейін жасөспірімнің қол аяғын байлап, қала сыртында тастап кетеді. Ал өздері көрші Жамбыл облысына қашып кетіп, бой тасалаған. Арада бірер апта өткен соң көлікті Шымкентке мініп келіп, 5 мың АҚШ долларына сатып жібереді.

ОҚО ІІД -нің жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, полиция қызметкерлері бір жарым айдан соң, үш күдікті азаматтарды құрықтады. Олар1988 жылы туылған, Сайрам ауданы мен 1989-1992 жылы туылған, Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты, олар бұған дейін, қарақшылық пен ұрлық жасағандары үшін сотты болған екен. Күдіктілер өздерінің қолындағы автокөліктің құжаттарын пайдаланбақ ниетпен, жәбірленушіге қоңырау шалып, автокөлікпен құжат керек болса, айтылған счетке қомақты қаржы салса қайтарып беретінін айтқан. Айтылған счетке ақша аударылған соң, күдіктілер ақшаны алып, іздерін суытқан. Сонымен қатар, тінту кезінде күдіктілердің бірінен 12 калиблі обрез алынып сот-балистикалық сараптамаға жіберілді.
Бүгінгі таңда күдіктілердің үстінен 4 бірдей бапқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Осы жәйт бойынша, ҚР ҚК -нің 126-бап,»Бас бостандығынан заңсыз айыру», 177-бап «Алаяқтық», 178-бап «Тонау», 251-бап «
Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.