Шымкентте студенттер күні тойланды

555
Шымкентте студенттер күні тойланды
Студенттер өз мерекелерінде әдемі әзілдерін ұсынды

Студенттер күні. Дөңгеленген датаны қаламыздың студенттері де айрықша атап өтті. Бұл күні жоғарғы оқу орындарында концерттік кештер өтіп, мерекенің мәртебесін көтерді. Қаншама студенттері бар өңіріміздегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті де ауықымы кең шара өткізіп, үздік студенттерді мадақтама қағаздармен марапаттады. Жастық албырт шақтың көрінісімен астасып тойланатын халықаралық мерекеде биыл жоғарғы оқу орнының табалдырығын аттап, студент атанған Нұрдәулет Жүнісбеков заманауи әнімен сахнаны жандандырды.

Нұрдәулет Жүнісбеков, ОҚМУ-дің 1-курс студенті: «Мен өте қуаныштымын. Себебі, студент атанып, осынау мерекені тойлап жатырмын. Тойлап қана қоймай, сахна төрінде ән айттым. Байқасам, студенттер менің әнімен қол соғып, би билеп отырды. Осыған қарап-ақ жалындаған шақтың маңызын ұғынуымыз керек сияқты. Негізі көбісі ойлайды студенттер түк бітірмейді деп. Мен олай айтпас едім негізі. Себебі, көбіне студенттер өзіне артылған жүкті сезініп жүреді. Ел болашағы екенін біліп, сол жолда оқып-ізденіп жүреді. Меніңше, бұл да оңай емес. Қоғамға өзіндік пайдаң мен үлесіңді қосып жүру де жұмыс қой айтарлықтай деп ойлаймын». 

Халықаралық Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17 қарашада Лондон қаласында тойланған. Атаулы мейрам 1939 жылғы 17 қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған. 1946 жылы Чехияның астанасы Прагада бұл күнді халықаралық студенттер күні деп атау бектілген екен.

Жоғарғы оқу орыннынң жас әзілкештері де замандастарына әзілдің дәруменін сыйлады. Күлкіге көмді. Ал студенттер мерекеден алған әсерімен бөлісті.

Досбаева Айша, студент: «Ия, мен биыл бірінші рет студенттер күні меркесін топтастарыммен тойлап отырмын. Өте қуаныштымын. Ең бастысы замандастарымыз да керемет көңіл күйде. Бұрындары мектеп қабырғасында жүрген соң болса керек, мұндай қызық әрі көңілді мерекені тойлаймын деп ойламаған едім. Баршасы құттықтап, сый табыстап жатыр. Ұстаздарымыз да «студенттік шақ» қайта оралмайды» деп ақ тілектерін айтып, құттықтап жатыр. Сонымен қоса, барша Студенттерді төл меркелерімен құттықтаймын!»

Дәулет Лесбекұлы, студент: «Бұл мейрам – өте тамаша мереке! Біздің көңілімізді көтеріп, меркелік көңіл күй сыйлап отырған 17-қараша деген датаны жыл сайын асыға күтеміз. Бізді құттықтап, қоғамға қажет екенімізді ұқтыратындай болып тұрады маған. Менің топтастарым бүгінгі мерекеде өнер көрсетіп жатыр. міне, көңілдітапқырлар клубының мүшелері де сахна төріне көтерілді. Бұл да болса біз үшін екенін білеміз. Бізге көтеріңкі көңіл күй сыйлағысы келді. Бүгін ұстаздарымыз да азын аулақ сыйларын көтеріп келіпті. Бәрімізге үлестірді. Анау айтқан қымбат дүние емес болса да, шын жүректен берілген бізге ең қажетті дәптер-қаламдар. Алғысымды білдіремін! Үздік танылғандарды марапаттап, еңбегін бағалап жатыр. Біз университетіміздің бізден үлкееееен үміт күтетінін білеміз! Сол үшін де, еліміздің болашағы үшін де аянып қалмасымыз анық!»

Бүгінде облысымызда 85 265 студент бар. (Оның 39 511-і күндізгі бөлімде, 45 754-і сырттай оқу бөлімінде білім алады). Сондықтан студенттер күнінің тойлануы да маңызды. Бастысы жастар қауымы өздеріне артылған жүкті жауакершілікпен сезінуі қажет-ақ.