Хамзаның тұрғындары бағдаршамды алып тастағанға наразы

280
Хамзаның тұрғындары бағдаршамды қайтармақ
Хамзаның тұрғындары бағдаршамды қайтармақ

Шымкенттің іргесіндегі Хамза елді мекенінің тұрғындары болса биліктен көмек сұрауға мәжбүр болды. Өйткені бүгін мұнда Юрий Гагарин көшесі бойында жұмыс істеп тұрған бағдаршамды  алып тастаған. Көлік қозғалысы шоғырланған бұл маңда көшені бағдаршам болғанда да өтудің өзі оңай емес еді. Оның орнына орнатылған арнайы жол бөгеті бізді жылдамдықпен жүйіткен көліктерден құтқара алмайды. Жол апатынан қаза болған көршілерімізді жерлеу бізге де оңай емес деп ашынады олар.

Тұрсынай Исмаилова, тұрғын: «Былтыр бір апаны қағып кетті, бір ай өтпей 12 жасар бала көз жұмды.

Баян Абдуразакова, тұрғын: «Бір  ай өткен жоқ бір апайды қақты. Мына жерден қол ұстасып №3 балалар үйінің тәрбиеленушілері күнделікті өтеді. Ал жүйіткіген көліктерді өздеріңіз көріп тұрсыздар. Балалар былай тұрсын, ересектер өтуге үрейленеді».

Хамза аялдамасының төңірегінде №3 балалар үйінен бөлек № 33, № 42 мектептер орналасқан. Талғат № 26 мектепте оқиды, жолдан өтетін болса ересек азаматтардың көмегіне жүгінеді.

Бағдаршамды алып тастауға қалалық әкімдігі тапсырыс берген. Алайда оның орнына шұғыл орнатылған арнайы жол кедергісі мен жол белгілерінің талаптарға сәйкестігін жауапты мамандар қадағаламаған.

Асылбану Асхадулина, тұрғын: «Жаңа ғана  жұмысшылар  жаяу жүргіншілер белгісін орнатып кетті. Зебра туралы сұрап едім, » Жоғарыда отырғандар біледі дейді».

Абай қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы: «Жол полициясы бағдаршам болса да апаттар орын алатынын айтып, жол бөгетін орнатуға ұсыныс берген екен. Белгілер бар. Енді тексереміз».

Осы төңіректе тұратындар жаяу жүргіншілер жолы алыстан көрінуі тиіс. Ол үшін жарықтандыруда керек сияқты дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AIX7kALccyA[/youtube]