Жолаушылар тасымалдайтын автобус жол апатына себеп болды

187
жол апатынан 9 көлік зардап шеккен

 

жол апатынан 9 көлік зардап шеккен

Жолаушылар тасымалдайтын автобус жол апатына себеп болып, салдарынан 10 автокөлік соқтығысты. Зардап шеккендер адамдар бар. Бәйдібек би мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған темір тұлпарларды 42-ші бағыттағы автобус келіп соққан.

Үш көлікке айтарлықтай шығын келді. Бірі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға болған жерге жедел-жәрдем көлігі де жетті.

Ал 9 бірдей көлікке автобус әкелген шығынды кімнің өтейтіні белгісіз. Оқиғаның мән-жайын алдағы уақытта жол-полициясы анықтайтын болады.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=J2fQKwo7EzY[/youtube]