Құрамында есірткі заты бар дәріні емделушілерге сатып келген

Мейірбикенің жасы 50-де
Мейірбикенің жасы 50-де
Мейірбикенің жасы 50-де

Медбике құрамында есірткі заты бар дәріні емделушілерге сатып келген. Полицейлер күдіктіні облыстық наркологиялық диспансерде ұстады. 50 жастағы мейірбикенің қалтасын тексерген құқық қорғаушылар белгіленген ақшаны тапты.

Азаматша 21 жастағы емделушіге адамды есінен тандыратын диазепам мен зептол дәрілерін сатпақ болған.

Медбике ақшаны қарызға алып, оны қайтардым деп ақталуда. Қазір күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

ОҚО ІІД баспасөз жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, мұндай қылмыстарды ашу қиынға соғатын көрінеді.