«Үй дәрігері» бар ауруыңыздан сауықтырады

Сабина қондырғымен танысып, сатып алуды шешті

 

Сабина қондырғымен танысып, сатып алуды шешті

Мына заманда денсаулығымызды күтуді ұмытып жатамыз. Тіпті, дәрігер іздеп, ауруханаға баруды кейінге қалдырарытынымыз бар. Үй жағдайында денсаулығыңызды күйттеуге физиотерапиялық қондырғылар ойлап табылыпты.

Жарақат, күйік, тірек-қимыл жүйесі мен құлақ-мұрын аурулары. Шымкенттіктер осы секілді дерттерінен енді үйлерінен шықпай-ақ айыға алады. Оған үй жағдайында қолдануға ыңғайланған физиоемдеу құрылғылары арқылы қол жеткізуге болады. Жүгіртпе импульстік магнит өрісі арқылы артрит, гипертония, қан тамырының кеңеюі, неврология, тіпті, тіс ауруларынан құлан-таза айығасыз. Ал үшінші топтағы МАВИТ құралы зәр шығаруда қиналатын адамдарға таптырмас құрал болары анық. Ең бастысы – бұл қондырғыларды дәрігер нұсқаулығынсыз сатып алуға болады. Қарсы көрсетілімдері жазылған арнайы кітапшасы да қоса беріледі.

 

Қондырғыларды «Зерде» дәріханалар жүйесінен сатып алуға болады

Сатушы Сергейдің айтуынша, осы құрылғыны үйге сатып алып қойсаңыз, ауырған жеріңізге қолдануға болады. Мәселен, жүрек жұмысын жақсартып, қан айналымын ретке келтіреді. Дәрі қолданбай ақ профилактика арқылы тұмаудан да жазыласыз. Тіпті жасқа толған сәбиден бастап қондырғыны қолдануға болады екен.

Бұл құралды дәріханадан көрген Сабина Қубасова ойланбастан оны сатып алуды ұйғарды. Бойжеткен қазіргі заманда дәріханаға барып, сабылғаннан үйде емделуді дұрыс көреді.

Сабина Қубасова: «21 ғасыр технологиялар заманы деп айтып жатамыз. Сондықтан, өзімізге келгенде уақыт тығыз болады да, денсаулығымызға қажетті дәрежеде қарай алмаймыз. Ал мына қондырғы үйде болса тіптен жақсы».

Айта кету керек, үйде отырып-ақ дерттерді емдеуге мүмкіндік беретін құрылғыларды «Зерде» дәріханалар жүйесінен таба аласыз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=n15VFk2Caqo[/youtube]