86 жетім баланың аяғы жаурамайтын болды

369
Балалардың қуанышында шек жоқ
Дана Маманова балаларға жиі киім сыйлады
Дана Маманова балаларға жиі киім сыйлады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қаламыздағы жеке кәсіпкер әйел, «Central Asia Continental» отбасылық демалу орталығының директоры Дана Маманова жетім балаларды жебеді. №3 балалар үйінің бүлдіршіндеріне сыйлығын арқалай барып, тәрбиеленеп жатқан 86 баланың аяғына жап-жаңа аяқ киім мен күртешелер сыйлады. Базарлығы ретінде жәшік-жәшік жемісін де арқалай келіпті.  Қуанышқа бөленген балдырғандар апаларынан алған арнайы сыйлыққа дән риза.

Жанерке Құрбан: «Дана апама зор денсаулық тілеймін. Әкелген курткасы әдемі, аяқ киімі жылы. Мерекесі мен де құттықтаймын».

Олжас Еркінбек: «Апаларымыз аман болсы. Барлықтарыңыздың балаларыңыз ауырмасын. Құдай сіздерді күлкіден айырмасын. Бақытты болыңыздар».

Бұған дейін облыс әкiмi жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-

Балалардың қуанышында шек жоқ
Балалардың қуанышында шек жоқ

демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның хатшысы болып қызмет атқар Дана Маманова  бұл балдырғандарды кішкентайынан танимын. Сондықтан жанымдай жақсы көремін дейді.

Дана Маманова: «Осы балдырғандардың киім мөлшерін алып, Алматыға арнайы барып, әдемі, жаңа үлгідегі киімдерді сатып

алдық. Өзіміз қызығып кеттік. Баланың күлкісі-әлемді нұрландырады. Тәуелсіз Қазақстанның көк туын биік ұстайтын да осы

балдырғандар. Сондықтан да ешнарседен  мұқтаж көрмей, бақытты болып өсуі үшін барымызды салуымыз керек».

Ал балдырғандар ризашылықтары ретінде ән мен жыр арнап, билерінен шашу шашты.