Ауған соғысының ардагеріне арналып сынып ашылды

518
Ауған соғысының ардагері Дамир Есімхановқа арналып сынып ашылды
Ауған соғысының ардагері Дамир Есімхановқа арналған сыныпта 5-сынып оқушылары білім алуда
Ауған соғысының ардагері Дамир Есімхановқа арналған сыныпта 5-сынып оқушылары білім алуда

Бүгін қаламыздағы №20 Титов атындағы славаян мектеп-гимназиясында ауған соғысының ардагері марқұм Дамир Есімхановқа арналып сынып ашылды. Себебі, ардагердің мектеп жылдары – баллық шағы осы мектеп қабырғасында өткен. Естеріңізге сала кетейік, ауған соғысының ардагері  ағымдағы жылы 17 сәуір күні сағат 20:00 мен 21:00-дің арасында «Шығыс» шағынауданындағы «Атлант» сауда үйі маңында қанды қол қарақшының қолынан қаза болған еді. Денесіне 10-нан астам пышақ жарақатын алып дүниеден озған . Өзінің туылған күніне 5 күн қалғанда 51 жасар ардагер аяуандықпен өлтіріледі деп ешкім ойламаған да еді. Өкініштісі сол іс әлі күнге ашылмады.

Нұрмахан Есімханов, Дамир Есімхановтың туған ағасы: «Бүгін қуанып тұрмын. Себебі, менің бауырымның ерлігін елі ұмытпады. Бұл сыныпқа кіріп келгенде көзіме жас ұялады. Менің інім өмірде өтей мейірбан, тамаша еді. Қасында жүрген адамды күлкіге қарқ қылатын. Жора-жолдастарының бәрі де осы бір мінезіне тәнті болатын. Өз балаларын қатты жақсы көретін. Түсіме де жиі кіретін болды. Бауырымды сағынып жүрмін, әрине.  Ал мынау бүгінгі мектеп ұжымына айтар алығысым шексіз! Дамирді ұмытпай, еске алып, өмірбаяны мен ерлігін оқушыларға оқытып жатыр. Сондықтан, мен бүгін өте қатты толқып отырмын».

Қаламыздағы №20 Титов атындағы мектепте бүгінде 1300 оқушы білім алады. 100-ден аса мұғалім жұмыс жасайды. Ал осы ауған соғысының ардагері Дамир Есімхановқа арналған сыныпта 5 сынып оқушылары оқиды.

Зиедахан Мирзаева, 5 сынып оқушысы: «Бүгін бізде ауған соғысының ардагері Дамир ағамызға арналып сынып ашылды. Өте қуаныштымыз. Мен сол сыныпта, 2 партада отырамын. Біз ешқашан Дамир ағамыздың жасаған ерлігін ұмытпаймыз!»

Осылайша 1986-88 жылдары ауған соғысында бар қиындықты бастан өткеріп, елге аман-есен оралған

Сынып ішіндегі әрбір тақта Дамир Есімхановтың ерлігінен сыр шертеді
Сынып ішіндегі әрбір тақта Дамир Есімхановтың ерлігінен сыр шертеді

Дамир Есімханов мұнайөндіру зауытында тер төкті. Ал ауған соғысы ардагері қоғамының төрағасы Бақыт Қалдыкөзов жау емес, өз елінде қарақшының қолынан қаза болған азамат қандай құрметке болсын лайықты екенін айтады. Сонымен қоса, бүгінде ауған соғысы ардагерлеріне ешқандай құрмет көрсетіліп жүрген жоқ деген арызын да жеткізді.

Бақыт Қалдыкөзов, Петроқазақстан компаниясы, ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы: «Бүгін ауған соғысының ардагері, досымыз, бауырымыз Дамир Есімхановты еске алып отырмыз. Өзі оқыған мектептен арнайы сынып ашылды. Қазақ тілі мен әдебиеті сыныбы беріліп отыр. Сосын мені ауған соғысы ардагерлеріне көрсетіліп жатқан құрмет қынжылтады. Қазір ауған соғысы ардагерлерінің 70 пайызы мүгедек. Шеккен азаптары тағы бар. Келген соң бірі 5 жыл, екнішісі 10 жыл араға салып ауырып жыл сайын 5-6 ардагерімізден айырылып жатқан жайымыз бар. Мысалы, оларға медициналық көмектерді ойдағыдай көрсетпейді. Ал бұрынғы Совет одағы кезінде бәрі жақсы еді, қалаған жеріне барып демалуға мүмкіндігі болатын. Қалаған уақытында еңбек демалысына шығатын. Ал қазір мұндайды кормей тұрмыз. сондықтан ауған соғысы ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетіліп жатқан жоқ. Бұлай жалғаса берсе, жағдайымыз не болмақ деймін ашына».

Осылайша көпке ерлігі үлгі болған азаматқа мектеп ұжымы құрметін білдірді. Ендеше, бұл мектеп талай елі үшін еңбектенетін оқушыны түлетеді деген сенім мол.