Азық-түліктің бағасы бақылауда ма?

221
жәрмеңенің бағасы базардағыдай
жәрмеңенің бағасы базардағыдай
жәрмеңенің бағасы базардағыдай

Жәрмеңке деп жар салғанымен бағалар бағынбай тұр. Қалада жаңа жыл қарсаңында базарларда ғана емес, бағаны тұрақтандырамыз деп ұйымдастырылған жәрмеңкеде де өнімдердің құны қымбаттап кетті. Тұрғындар осыған наразы. Бірақ жергілікті билік сатып алушыларды жұбатып әлек.  Ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінде адам көп. Жаңа жылдық мерекелік дастарханның қамы болар, шымкенттіктер жәрмеңке сатушыларын қаумалап барады. Бірақ бағаның арзан боп тұрғаны шамалы дейді.

Роза Муксумова: «Бағасында айырмашылықты байқап тұрғаным жоқ. Алдымызда Жаңа жыл ғой, сондықтан ертең одан да қымбаит болып кетпесін деп алдын ала қор жинап жатырмын».

Ал қалалық әкімдіктегілер болса, баға дүкен тұрмақ базарларда да бет алды қымбаттамайды деп сендірді. Айтуларынша бұл мәселе бақылауда.

Жангелді Махашев, қалылық әкімдіктің бөлім бастығы: «Базар басшылары уәде беріп отыр, бағаны қымбаттатпаймыз деп. Облыс, қала әкімдіктер тарапынан арнайы штаб құрылған. Осы штабта бағаға мониторинг жариялаған».

Арнайы «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына көкөністің қоры жинақталған деп қарын тойдырған әкімдіктегілер жеміс-жидектердің бағасын бақылауға келгенде қауқарсыз.

Жангелді Махашев, қалалық әкімдіктің бөлім бастығы: «Енді бұл нарық заманы. Жеміс жидектердің қыс мезгілінде қымбаттауы мүмкін. Оны жоққа шығара алмаймыз. Екі күн бұрын барлық базар басшылығымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бағаны бақылауда ұстап отырмыз».

жәрмеңкеге жиналғандар көп болды
жәрмеңкеге жиналғандар көп болды