Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі

Жолдауды-қолдау
Тілдерді дамыту басқармасы облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 95,6 пайызы қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізе алады дейді
Тілдерді дамыту басқармасы облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 95,6 пайызы қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізе алады дейді

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қазақ тілін құрметтеуге арналған облыстық форум өтті. 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай өткізілген шараға студенттер мен аудандық тіл бөлімдерінің мамандары қатысты.

Тіл басқармасының мәліметінше, соңғы кездері облыста мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі төмендеп барады. Ол аз дегендей, балаларын орыс мектептеріне оқытуға беретін ата-аналардың үлесі артқан.

Облыстағы 100-ден аса ұлт пен ұлыстың 83,4 пайызына өз тілінде білім алуға жағдай жасалған. Солардың 69 пайызы ғана мемлекеттік тілді меңгеріпті. Сондықтан жиын соңында көп болып ана тілді ардақтап, елдің болашағын нығайтуға атсалысайық деген ортақ үндеу қабылданды.

Айта өтейік, Оңтүстікте 108-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы 2 621 523 адамның 72,6 пайызын қазақ ұлты құрайды. Онан кейін үлкен диаспора – өзбек ұлтының өкілдері 16,5 пайызды, орыстар 5,1 пайызды, тәжіктер 1,2 пайызды, әзірбайжандар 1,1 пайызды құраса, қалған 3,5 пайыз өзге ұлт өкілдері.