Шымкентте көшбасшы әйелдер көбейеді

246
Әйелдер басшы болуға ұмтылса, айып па?
Әйелдер басшы болуға ұмтылса, айып па?
Әйелдер басшы болуға ұмтылса, айып па?

Шымкенттік әйелдері көшбасшы болуға әбден лайық. Билікті қолға алып,, басшы болуға емес, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді біліктілікпен шешуге бел буды. Мұндағы мақсат- бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен арулардың әлеуетін дамытып, заман талабына сай әйел-басшы, әйел-аналарға жол  сілтеу, тәжірибемен бөлісу.

Гүлнәр Қарақұлова, облыстық әйелдер ресурсы орталығының директоры:»Біз тренирлердің тренингін арнайы ұйымдастырып отырмыз. Елімізде білікті тренинг тренирлер тобын жасақтауды алдымызға міндет етіп алдық. Алдағы уақытта түрлі тақырыпта семинарлар, ашық есік күндерін өткізіп, әйелдерге кеңес берсек деген ниетіміз де бар».

Облыстық әйелдер ресурсы орталығында өткен үш күндік семинарға еліміздің бас қалаларынан білікті мамандар мен түрлі үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Солардың бірі Гүлзина Би. Ол Астанадағы «Жария» үкіметтік емес ұйымының соңғы 10 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт аралығында мыңдаған нәзік жандыларға көмек қолын созып үлгеріпті.

Гүлзина Би: «21-ғасырдың әйелдері жан-жақты болу керек. Лидер болып, ерін билеп отырсын деп емес, заман көшіне ілессін деп ұйымдастырып отырмыз.»

Еліміздің әр аймағынан жиналған әйелдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, білмегенін үйреніп жатты.