Шымкентте Президенттік шырша өтті

353
Шырша тойына қатысқан оңтүстікқазақстандықтар
Шырша тойына қатысқан оңтүстікқазақстандықтар
Шырша тойына қатысқан оңтүстікқазақстандықтар

Шымкентте Президентің шыршасы ұйымдастырылды. Ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына орайластырылған шараға 200 оқушы қатысты. Өңіріміздің 15 аудан-қалаларынан келген балғындардың әрқайсысына Елбасының атынан бір-бірден ноутбук тарту етілді.

«Қазақстанның жұлдызды қадамдары» атты Президенттік Шыршатойына қатысқан оңтүстікқазақстандық балдырғандардың көңілі шат. Ертегілер әлеміне серуендеп, жаңа жылдық қойылымның ерекше кейіпкерлерімен жүздесті.

Шыршатойға жиналған әрбір оқушы ән мен жырға бөленіп, бар өнерлерін ортаға салса, елбасы тікелей құттықтауын жолдады. Оны балдырғандар көгілдір экран арқылы тамашалады.

Балдырғандардың қуанышын бөліскен облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев Елбасының балаларға жіберген базарлығын салтанатты түрде табыстады. Шыршатойына қатысқан 200 балдырған ноутбукқа және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты мен ертегілерге толы кітапшаларына ие болды.

Бекжан Таласбай, Кентау қаласының оқушысы: «Ноутбукты армандап жүр едім. Арманыма жеттім. Елбасына рахмет, Жаңа жылдарыңызбен!!»

Шырша тойына қатысқан оңтүстікқазақстандықтар
Шырша тойына қатысқан оңтүстікқазақстандықтар

Осыған дейін президент шыршасына қатысу үшін аймақтардағы бүлдіршіндер Астанаға ағылатын. Балаларды түрлі жағдайлардан сақтау мақсатында 2005 жылдан бастап, Президент шыршасы әрбір облыс пен қалалар да ұйымдастырыла бастады. Биыл да әдеттегі дәстүр сақталды. Ерекшелігі оларға берілетін сыйлықтың сапалылығы өсті дейді облысымыздың бас мұғалімі.

Альбина Елшиева, ОҚО Білім басқармасының бастығы:»Сыйлыққа не тапсырамыз дегенде, балалардың барлығы ноутбук керек деген болатын. Сол арнамандарына тәкелей Елбасының, облыс әкімінің арқасында қол жеткізіп отыр. Президент шыршасына шақырту алу үшін өңіріміздің әр оқушысы жақсы оқып, үлгілі тәртібімен көзге түсулері қажет. Әрине, аз қамтылған отбасының балалары да бар мұнда. Өздеріңіз көріп тұрғандай көңілдері шат. Біздің де биылғы жетістігіміз жаман емес. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленіп қайттық. Елімізде оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуларына барлық жағдай жасалған».

Аяз ата, қарша қыз сондай-ақ ертегі кейіпкерлері балаларға сабақтарын жақсы оқып, үлгілілердің қатарынан қалыс қалмаса, келер жылы қайта қауышатынын жеткізді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rbsHvUhGE6A[/youtube]