Шымкенттегі «Алаш» базары өртенді

444
"Алаш" базарынан шыққан алау

Шымкентте тағы да базар өртенді. Бұл жолы тілсіз жауға Алаш базары ілікті. Оқыс оқиға бүгін түн ортасында орын алды.

"Алаш" базарынан шыққан алау
«Алаш» базарынан шыққан алау

Алаш базарының өртенгені жайлы суыт хабар түнгі үште келіп түседі. Сол сәтте оқиға орнына өрт сөндірушілердің 9 техникасы мен 115 қызметкері жұмылдырылды. Сөйтіп, таң қылаң бере яғни таңғы 7-лер шамасында тілсіз жау толығымен ауыздықталды.

Негізінен өрт пиротехникалық заттар сақталатын қоймадан тұтанған. Сөйтіп, тілсіз жау көрші қоймаларға да лап қояды. Абырой болғанда жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынның өзге нысандарға ауысына мүмкіндік берген жоқ. Жалын шарпыған аумақ 250 шаршы метрді құраған. Өртенген екі қойманың бірінде құрылыс материалдары жиналған.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт толығымен 6 сағат 57 минутта

Өрттен кейінгі өмір
Өрттен кейінгі өмір

толығымен сөндіріліпті. Адам шығыны жоқ. Ал материалдық шығын көлемі қазір есептелінуде. Қазір өрттің неден шыққаны да анықталып жатыр, -дейді.

Төтеннен тұтанған өрттен кейін базардағы қызу тіршілік қазір қайта жалғасты. Жалын шарпыған аумақты бейнекаераға түсіріп алуға базар күзетшілері мүмкіндік берген жоқ. Ал мұндағы жұрт тілсіз жаудың шарпығанынан мүлде бейхабар болып шықты.

Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмауы да себеп болуы мүмкін. Не дегенмен, тұтанған тілсіз жаудың тобықтай түйінін өртке қарсы қызмет өкілдері қояды.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_Fcesj7_D0A[/youtube]