Тілшілеріміз табысқа кенелуде

Тағабай Қасым
Тағабай Қасым

«Оңтүстік Рабат» газетінің тілшілері үшін өтіп бара жатқан Ұлу жылы бірқатар табыстар әкелді.

Ақмарал Мырзахметова
Ақмарал Мырзахметова

Тілшіміз Тағабай Қасым Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай өңіріміздің қол жеткізген табыстарын насихаттау бойынша жарияланған республикалық байқауда ынталандыру сыйлығына ие болса, газеттің жауапты хатшысы Ақмарал Мырзахметова Қазақ Ұлттық тағамтану академиясы ұйымдастырған «Дұрыс тамақтану – ұзақ жасаудың кепілі» атты байқаудың «Үздік мақала» аталымының жеңімпазы атанып отыр. Ақмарал байқауға басылым бетіндегі «Ұлттық тағамның пайдасы» айдары бойынша жарияланған мақалаларды жолдаған болатын.

Фарида Шарафутдинова
Фарида Шарафутдинова

Сонымен бірге әріптестеріміз де Жаңа жыл қарсаңында жүлделі табыстарға кенелуде. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық конкурсын жариялаған болатын.

Ардақ Жақсылықова
Ардақ Жақсылықова

«Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» аталымы бойынша «РАБАТ» газетінің бас редакторы Фарида Шарафутдинова жеңімпаз болып танылды. Ал «Отырар» телеарнасындағы Жастар редакциясының редакторы Ардақ Жақсылықова Шымкент қаласы бойынша жылдың үздік жас журналисі атанып, марапатқа ие болды.

Әріптестерімізді табыстарымен құттықтаймыз!