Қошқар ата өзені жағалауы кезекті рет аббаттандырылмақ

712
Қошқар ата өзені жағалауы кезекті рет жөнделмек
Қошқар ата өзені жағалауы кезекті рет жөнделмек
Қошқар ата өзені жағалауы кезекті рет жөнделмек

Қошқарата өзенінің жағалауы кезекті рет аббаттандырылмақ. Осыған орай санитарлық аймақта салынған баспаналар көшіріледі деп жоспарлануда. Алайда осы төңіректе тұратын азаматтар бұл бастама сонау 2007 жылы қала әкімі Өмірзақ Әметұлының тұсында қолға алынып, аяқсыз қалған еді. Ендігі жобасы да жүзеге аспай жарты жолда қалады ма деген үрей бар бізде дейді тұрғындар жағы.

Кеңес Рыстамбековтың Шымкентке көшіп келгеніне 17 жыл болса, содан бері Қошқар ата өзені бойында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының кәугері. Осында инспектор қызметін атқарып жүрген ол әйтеуір, қандай әкім келсе де, көңілді марқайтып, жаңалықтар енгіземін деп келеді ғой, соңы немен аяқталатыны белгілі деп әңгімесін бастады «Соңғы ауқымды бастама осыдан 5 жыл бұрын қолға алынған еді.

Кеңес Рыстамбеков, қала тұрғыны «2007 жылы қала әкімі қызметіне тағайындалған Өмірзақ Әмет қаланың қақ ортасынан аққан Қошқарата өзенінің жағалауынқолға аламыз деп аббаттандыру жұмыстарын бастады. Умида деген ташкенттік кәсіпкер өзенді қоқыс- қалдықтарынан тазартып, жағалауда түрлі тал, гүл көшеттерін отырғызып, көгалдандырды. Сосын осында екіқабатты кеңсе салды .Сол жылдары мұнда балалар лагері жұмыс істеді.Бетонды қоршау да жасалынды. Айтпақшы, Өмірзақ Әмет кезінде өзенге жақын орналасқан үйлер көшіріледі деп қағаздар да таратылды. Баспаналы боламыз деген қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ.Қаланың басшысы ауысты. Арман Жетпісбаев келді.Қошқарата өзені жағалауындағы барлық құрылыстар бұзылды.Жетпісбаев мырза осы төңіректегі бұзылатын үйлердің орнына 5 қабатты тұрғын үйлер бой көтереді деп жаңа бастаманы көтерді».

Кеңес Рыстамбеков, Қошқара ата көшесінің тұрғыны
Кеңес Рыстамбеков, Қошқара ата көшесінің тұрғыны

Ақсақал жағалау бойындағы бұрынғы мейрамханалардың қирандыларын көрсетіп, қазір ол жердің панасыздар мен жынойнаққа айналғанын айтып ашынады. Бала-шағамызды жалғыз далаға жібермейміз,пәлесінен аулақ,- дейді. Кеңес ағаның мәлімдеуінше былтыр қала әкімдігінің өкілдері осында тұрғындармен кездесу өткізіп, үйлердің көшірілетінін ,құжаттар жинау қажеттігін айтқан еді. Содан, міне жарты жыл өтті шабаданда отырмыз. Үйді сата алмаймыз, не бір құрылыс бастайын десек,оған да қолымыз бармайды. Үрей бар, сейілтетін кім бар. Бар үмітіміз қала басшысы Қайрат Молдасеитовте деп әңгімесін жалғастырды тұрғын. Оның мәліметіне сүйенсек, Қошқара өзені жағалауын тазалау міндеті дендрология саябағына жүктелген. Бұлақ басынан Ордабасы алаңына дейінге 2,2 шақырымдағы жағалау тазалығын 13 қызметкер қадағалайды. Оның арасында өзі де бар екен.

Кеңес Рыстамбеков, Қошқара ата көшесінің тұрғыны: «Мына қытай қорғаны осыдан 5 жыл бұрын салынған . Ол жерде менің де үйім бар, бетонды қоршауды бұзып, есік жасап алдым. ЛТД Тұрмыс ЖШС осындағы ғимаратты сұрап еді, бұзып тастады. Оның не қажеті бар еді, пайдалануға болмас па еді? Бір әкім бастап кеткен жұмысты неге оның орнына келген әкім жалғастырмайды.Ақшаның да сұрауы бар емес пе?»

Қошқарата өзені жағалауы ағымдағы жылы қайта аббаттандырылмақ. Бұл жолы да тапсырыс беруші қала әкімдігі, ал бағдарламаның әкімшісі облыстық құрылыс басқармасы . Басқарма бастығының орынбасары Тәжібай Егетаевтың айтуынша, нысанның атауы демалыс аймағы құрылысының бірінші кезеңінде Қошқарата өзені бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі он алты гектар жер толық жаңаланып көріктендіріледі.Оның жобалық- сметалық құжаты әзірленіп, ол мемлекеттік сараптамадан өтіпті.Жобаны дайындауға облыстық бюджеттен 15 млн. қаржы жұмсалған. Ал құрылыстың құны 452 млн теңгеге бағаланыпты.Конкурсты облыстық құрылыс басқармасы өткізеді екен. Құрылысты тендерде жеңіске жеткен мекеме ағымдағы жылы бастайды деп жоспарлануда. Әзірге үйлердің көшірілуі туралы әңгіме жоқ,- дейді маман. Олай болса, Қошқар ата өзені жағалауында тұратын азаматтар жүк-төсегін жинамаса да болады. 2007 жылдан бері жаңа қонысқа көшеміз деп ниеттенген қошқараталықтардың арманы қашан орындалатыны уақыт еншісінде…..

Тәжібай Егетаев, облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары : «Демалыс аймағы құрылысы барысында Қошқара ата өзені жағалауындағы бекіту плиталары, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да толық жаңаланбақ. Сондай-ақ мұнда демалушыларға арналған киім ауыстыратын арнайы жабдықталған орын қарастырылып, тынығатын орындықтар да орнатылады. Аймақта бой көтеретін жаңа екіқабатты ғимарат -кеңседе медициналық бекет пен су құтқарушылары орналасады. Тағы бір жаңашылдық- екі бұрқақ, өзеннен өтетін темір көпірлер мен бетонды қоршаулар декоративтіге алмастырылады. Көгалдандыру бағытында ағаш көшеттері мен әсем гүлдер отырғызылады. Бұл бірінші кезеңде атқарылатын жұмыстар.Ал жағалаудың бойындағы үйлерді көшіру жобалық-сметалық құжатқа енгізілмеген».

Қошқарата өзені жағалауын аббаттандыруға тапсырыс берген қала әкімдігі. Ал бағдарламаның әкімшісі облыстық құрылыс басқармасы. Олардың айтуынша, өзен бойын жаңалауға ақша да бөлінген. Кезекті рет!

Тәжібай Егетаев, облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары: «Демалыс аймағының құрылысы барысында өзен жағалауындағы бекіту плиталары, жаяу жүргіншілер жолы жаңаланады. Сондай -ақ екі қабатты кеңсе ғимараты бой көтермек.Мұнда судан құтқарушылар және медициналық бекет орналаспақ. Бетонды қорған тастан жасалған декоративті қоршаумен ауыстырылады».

Дәл осындай жұмыс 5 жыл бұрын қолға алынған болатын. Алайда өздеріңіз  барып көрсеңіздер, оның тас талқаны шығып жатыр.