Ұшақта қаза болғандар арасында екі жасар бүлдіршін бар

507
Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады

 

Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады
Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады

Ұшақ апатына байланысты Қазақстанның көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Іс темір жол, су және әуе көлігін басқаруда қауіпсіздік ережелерін сақтамау бабы бойынша қозғалған. Қазір  алғашқы болжамдар айтыла бастады. Әуежай аумағындағы қатты тұманнның салдарынан экипаж басқаруға ие бола алмай қалған деген жорамал бар. Белгілісі ұшақтың қалдықтары Гүлдала ауылының жанындағы ферманың маңында табылды. Апат орны қазір қоршауда. Бұл маңға журналистер де жіберілмеуде.

Ұшақтың құлағандығы жайындағы мәлімет шамамен 14.00-де келіп түскен. Ол әуежайға Астана уақытымен сағат 12.50-де қонуы керек болған. Алайда, әуежайдағылар көліктің келмей жатқандығын айтып дабыл қаққан.  Нақтыланған дерек бойынша алматы маңында апатқа ұшыраған Челленджер 200 ұшағы. Құлаған ұшақ соңғы рет 2011 жылы жөндеуден өткізілген. Ал «Челленджер 200» пайдалануға берілгелі бері мұндай апаттар 5 рет орын алған, бұл оқиға алтыншы. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар минитсрлігі мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Әуе компаниясында арнайы штаб құрылған. Қаза болғандардың туған-туыстары толық ақпаратты 87252 455004 және  8-701-727-54-90 телефондары арқылы ала алады. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше,  әуе апатында  мерт болғандар арасында екі жасар бүлдіршін де бар.  2011 жылдың 11 тамызында туылған сәби Бақытжан анасы Индира Рахымбектің жанында болған.