Ақжар ауылының әкімі есеп берді

Әкімнің есебіне жергілікті жұрт "жақсы", "қанағат" деген баға берді
Әкімнің есебіне жергілікті жұрт "жақсы", "қанағат" деген баға берді
Әкімнің есебіне жергілікті жұрт «жақсы», «қанағат» деген баға берді

Әкімнің жұмысына көңіл толады. Төлеби ауданына қарасты Ақжар ауылы әкімінің жылдық жұмысына ауыл тұрғындары осылай баға берді. Естеріңізде болса, осыған дейінгі жаңалықтарымызда Ақжар округін ауызсумен қамтамасыз ете алмай отырған жергілікті басшыға ауыл тұрғындарының өкпесі қара қазандай еді. Алайда, бүгінгі жиында бұл пікір күрт өзгеріп, Мырзагелді Манабаевтың атқарған бір жылдық жұмысына «жақсы» деген баға берілді.

Ақжар ауылдық округінің әкімі былтыр ауылда балабақша тұрғызылып, клубтың жөнделгеніне һәм медициналық бекеттің ашылуына мұрындық болған. Бірақ бас ауру болған ауызсу жайлы жақ ашылған жоқ.

Мырзабай Елшібаев, Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Жақсы… Не дейміз? Бәрі осылай істей берсін. Орнына сай. Басқа бізге ешкімнің керегі жоқ. 1 жылдың қорытындысын жақсы деген бағамен аяқтаймыз».

Әлібек Қаленбаев, Ауылдың төбе биі: «Не дейміз? Қанағаттандырылды жұмысы дейміз. Жақсы. Істей берсін. Дені сау болсын. Еліміз тиыныш болсын».

Құралбек АЛПЫСОВ, ауыл тұрғыны: «Баяндамада су жөнінде, свет жөнінде айтылған жоқ есеп. Тек қана мынау шығып сөйлегендер жылдағы жыр ғой деп айта бергеннен не шығад деді. Біз жыламасақ айтпасақ, кім береді, кім істейді. Шыны керек, суды сен әкім болғалы бері айтылып келе жатыр. Қашан шешілетінін білмейм».

Таза судың жырын айтып, жүрек жұтқан бұл кісі ауыл тұрғыны Құралбек Алпысов. Ауылдың қоқысқа толып, жарықтың бір жанып-бір өшетінін де айтып қызылкеңірдек болып жалғыз өзі тұр.

Мырзагелді Манабаев, Ақжар ауылдық округінің әкімі: «2013 жылы август айында толығымен 24 сағат ауызсу әске қосалыд. Сондықтан ол жерде өкімет тарапынан қыруар қаржы қаралып, жұмыстар жасалуда».

Жергілікті мектепте әкімнің есебі тыңдалып жатқанда ауыл тұрғындары сол баяғыша мықшыңдап су тасып жүрді. Тұрғындар тазасудың жетуі көпке созылып кеткеніне өкпелі.

 

Әлібек Қаленбаев, Ауылдың төбе биі: «Созылып кеткенде біздің әкім кінәсі шамалы шығар. Бірақ жүгіруіне жүгіріп жүр. Аудан әкімдері ауысып жатыр. Неше рет ауысты. Бәрі орындаймыз деген. Осы уақытқа дейін созылды».

Сейіт Бекмұрзаев, Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы: «Аудан көлемінде ауылдың әкімінен талап етіліп жатыр. Бұл мәселе күнделікті күн тәртібіне қойлып жатқан мәселе.
– Алты жыл бойы талап ету, бұл ұзақ емес пе?
– Мәселе бұл 6 жыл емес. Бұл жерде жаңа су құбырын әкелу үшін жобалық сметалық құны жасалды. Оның бәрі бір күнде жасалатын нәрсе емес. Соның арасында қарап отырған жоқ. Арнайы қаржы бөлініп, су әкеліп береліп отыр. Мүмкін бұл жерде ішкі қызметкерлердің тәртіп мәселесі шығар. Ал түбегейлі су жоқ деп мен айта алмайм».

Қысқасы, Ақжардағы су проблемасы ауылдың геологиялық жағдайына байланысты деген ой түйілді. Су ұңғылары қанша қазылғанымен тіршілік нәрі шықпағандықтан мәселе осылай ширыққан мыс. Сондықтан күзде Шымкенттен келетін су ауылдағы басты проблеманы шешуі тиіс.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nqzTGLdWmOs[/youtube]