Астананың азық-түлік белдеуіндегі жаңа өндірістер

2500 ІҚМ басына дейін жеткізуге жоспарланған жаңа кешен саны бойынша елорданың азық-түлік белдеуіндегі 61-ші өндірістік нысан болып отыр
2500 ІҚМ басына дейін жеткізуге жоспарланған жаңа кешен саны бойынша елорданың азық-түлік белдеуіндегі 61-ші өндірістік нысан болып отыр
2500 ІҚМ басына дейін жеткізуге жоспарланған жаңа кешен саны бойынша елорданың азық-түлік белдеуіндегі 61-ші өндірістік нысан болып отыр

Ақмола облысында 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы салынып жатыр. «AgroExport LTD» ЖШС іске асырып жатқан етті мал шаруашылығындағы жоба Астананың азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша қаржыландырылған. Холдинг мамандарының айтуынша, бордақылау алаңы осы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылатын болады.

Айналымдылығын қоса алғандағы қуатын 2500 ІҚМ басына дейін жеткізуге жоспарланған жаңа кешен саны бойынша елорданың азық-түлік белдеуіндегі 61-ші өндірістік нысан болып отыр, оның құрылысы «ҚазАгро» холдингінің қолдауымен жүргізілуде. Осыдан бір ай бұрын облыстың Целиноград ауданында «Агрофирма «Родина» ЖШС сүт зауытының ашылуы болғаны жайлы айта кеткен жөн, оның қуаты тәулігіне 50 мың литр сүтті қайта өңдейді. Нысанның құрылысын қаржыландыру сонымен қатар елорда аймағындағы қайта өңдеуші саланы қолдауға бағдарланған «ҚазАгро» холдингінің бағдарламаларының бірінің шеңберінде жүргізілді.

Жалпы бүгінгі таңда Астананың азық-түлік белдеуіндегі ұлттық холдингтің қаржыландырған жобаларының барлығының құны 33,8 млрд. теңгені құрайды. 61 жобаның ішінде қазіргі уақытта жалпы құны 28 млрд. теңгенің 56 өндірісі іске қосылды және жұмыс істейді. 5 жоба бойынша пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі – 2013 жылдың 4 тоқсаны.

Қазіргі уақытта елорданың азық-түлік белдеуіне Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кіретіні белгілі. Осы аумақта 70-тен астам ауылшаруашылық кәсіпорындары ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша өз қызметін жүзеге асыруда. «ҚазАгро» холдингінің мәліметі бойынша 2012 жылы жергілікті шаруашылықтар мен агроқұрылымдар Астананың нарықтарына шамамен 4,4 мың тонна көкөніс өнімдерін, 11 мың тонна ет, шұжық өнімдері мен балық, шамамен 3 тонна қымыз, 7 тоннадан астам сүт пен сүт өнімдерін жеткізді. Аймақтағы құс фабрикалары 156,2 млн. дана тауық жұмыртқасын шығарды.

«ҚазАгро» холдингі қаржыландырған және елорданың нарықтарына бағдарланып жұмыс істейтін нысандардың қатарында – 8 жоба жұмыртқа және ет бағытындағы құс фабрикаларын құру және жаңарту бойынша, жалпы жылдық қуаты 14,4 мың тонна құс етінің және 355,9 млн. дана жұмыртқа өндірісі, 6 жоба жылдық қуаты 45,5 мың тонна сүт және сүт өнімдерін шығаратын сүт фермаларын құру және жаңарту бойынша, 6 көкөніс қоймасы, жалпы бір мезгілдегі сақтау қуаты 20,8 мың тоннаға дейінгі сыйымдылықпен, 4 жоба жалпы алаңы 17,57 га және 10,1 мың тоннаға дейінгі көкөніс өндіретін қуаттылықпен жылыжай кешенін құру бойынша, 25 жоба қуаттылығы 14,2 мың тонналық етті қайта өңдеу бойынша жобалар.