«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2020 жылға дейін жалғасады

21618
«Дипломмен ауылға» республикалық форумы елімізде осымен екінші рет өтіп отыр

«Дипломмен ауылға». Бұл мемлекеттік бағдарлама алғашында 2012 жылға дейін деп бекітілген. Ал ОҚО «Жастар орталығы» мамандарының сөзіне сенсек, жастар бағдарламасы 2020 жылға дейін жалғасатын түрі бар. Бір қуантарлығы – дипломмен ауылға бағдарламасына Оңтүстік жастары ауылшаруашылық мамандарын енгізу үшін ұсыныс білдірген.

Дамир Жүнісов ауылшаруашылық мамандықтарын қосу үшін ұсыныс тастағанын айтады
Дамир Жүнісов ауылшаруашылық мамандықтарын қосу үшін ұсыныс тастағанын айтады

Дамир Жүнісов, «Жастар орталығы» МКМ директорының орынбасары: «Қазір 20 мыңнан астам жас жұмысқа аттанғаны белгілі. Негізі бастамасында бұл бағдарламаға 5 мамандық құралған болатын. Алайда біз жуырда осы мамандықтарға ветеринария саласы – мал дәрігерлік мамандығы қосылды. Негізі бастама – бізде «Дипломмен ауылға» бапғдарламасының 2-ші форуымы өткен болатын. Сол форум аясында 150-ден астам жастар жиналып, арасында осы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген замандастарымыз да келді бұл басқосуға. Осылайша көптеген ұсыныстар айтылды. Бастысы бізде қалыптасқан жағдай – бізде қанша жерден қор болғанымен де, біз аграрлық ел болып қалғанбыз және сондайел болып қала береміз. Болашақта осы аграралық яғни, ауылшаруашылық саласын дамыту үшін де осы салаға байланысты арнайы жобалар мен бастамалар болуы қажет. Айтпағымыз – осы аграном мамандығын бітірген жастарды ауылға жұмысқа тарту. Дәл қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы Министрлігі арқылы депуттардың назарына ұсынып отырмыз. Баста осы Оңтүстіктен тапқан қолдау өге өңірлерде де жалғасын табады деген үміттеміз».

2009 жылы қолға алынған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2012 жылы 20 891 мың жас жұмысқа орналасса, соның 5883 -ін оңтүстіктің жастары құрап отыр. Айта кетейік, бағдарламаға сәйкесінше жас мамандарға:

а) 124 632 теңге сомада біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;

ә) тұрғын үй сатып алуы үшін әлеуметтік қолдау – 2 187 984 теңге он бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие беру;

б) ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала ұйымдарының қызметкерлеріне 25 пайыздан кем емес мөлшерде көтеріңкі лауазымдық жалақы (тарифтік ставкалар бойынша) тағайындау жағдайлары қарастырылған.

Ал Байжан Тасбалтаев былтыр «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өңіріміздегі Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елдемекеніне жол тартқан. Жоғарғы оқу орнының мал дәрігері мамандығын тәмамадаған ол бүгінде осы шаруаға белсене кірісіп, ауылдың тіршілігін жасап жүр.

Байжан Тасбалтаев, мал дәрігері: «Жасырамай-ақ қояйын осы ағдарлама бойынша жұмысқа тұруға болады

Байжан Тасбалтаев "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ауылға келгеніне қуанышты
Байжан Тасбалтаев «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға келгеніне қуанышты

екен, мемлекет бар жағдайды қарастырған» дегенді естігенде сенген жоқпын. Алайда Елбасымызға сеніп, құжатарымды дайындадым. Міне осылайша таулы мекенннің тұрғыны болып шыға келдім. Қазір жағдайым жақсы. Әр жұмыстың қызығы мен қиындығы қатар жүреді емес пе?! Сондықтан жұмысымды ауыр деп те айта алмаймын. Ең бастысы әке жолын қудым ғой. Әкем де мал дәрігері. Негізі бұл саланың сырын меңгерсең, ауылдың ешқандай малы ауруға шалдықпайды, өз маусымынды аурудың алдын алып қою қажет! Ал болашаққа жоспарым да жоқ емес. Сырттан алғанша етті, өзіміз де бордақы байлап, сапалы ет өнімдерін ұсынсақ дейміз елге! Сонда арзан әрі сапалы ет – баршамыздың денсаулығымызға залалын тигізбесі анық қой. Себебі дәл қазір осы төңіректе көптеген проблемелар шығып, ауру малдың еттері шетел асып «қонаққа» келіп жатқаны тағы бар».

Бұл Байжан Тасбалтаевтың бағдарлама бойынша алған баспанасы
Бұл Байжан Тасбалтаевтың бағдарлама бойынша алған баспанасы

Кейіпкеріміз Елбасыға дән риза. Тек жұмыспен ғана қамтамасыз етілген жоқпын, баспанам да бар деп марқайды ол. Осылайша Мемлекет тарапынан қаралған шаңырағына әкелді бізді. Бүгінде білікті маман, 2 баланың әкесі.

«Бұл біздің шаңырағымыз, мынау үлкен бөлме, мынау ас үйі – ең бастысы өз үйіміз бар» дейді Байжан Тасбалтаев. – Отбасын құрғаныма да біраз жылдың жүзі болды. 2 балам бар, асыл жарым перзентханада жатыр. Жуырда үшеу боламыз».

Осы сөздерді аузына алғанда көздерінен қуаныш көрінді. Шаңырағыңыз шаттыққа толы болғай деп тіледік іштей.

Сонымен, дәл осылай талай жастың қиялына қанат бітіріп, жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік сыйлаған Елбасының «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жалғасын таппақ. Ал жуырда ауылшаруашылық мамандықтары да осы 5 саланың қатарына қосылады деп күтілуде.