Пойызға билет қымбаттады

Жаңа жылдан  бастап Қазақстанда теміржол билетінің бағасы 12%-ға өскені белгілі
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда теміржол билетінің бағасы 12%-ға өскені белгілі

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда теміржол билетінің бағасы 12%-ға өскені белгілі. «ҚазақстанТемірЖолы» ұлттық компаниясына қарасты «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы билеттердің қымбаттауына дизель, қатты отын мен су бағасының өсуі негіз болғанын алға тартуда.

Осылайша кешегі аптада Мәскеуге бару үшін жолаушылар плацкарт вагонындағы орынға бұрынғы 22 мың теңгенің орнына 26 200 теңге төлесе, осы бағыттағы пойыздың купе орны үшін билетті 42 500 теңгеге сатып алды.

Ал Алматыға қарай бағыт алғандар «Отырар» пойызындағы плацкарт вагондарға билетті – 2160, купе – 3 476 теңгеге сатып алуда.

Астанаға бару үшін жолаушылар плацкарт орынға бұрынғы 3700 теңгенің орнына 4600 төлеуде. Ал купе үшін енді 6 400 теңге төлейсіз.

Алайда Шымкенттен Сарыағаш, Түркістанға қатынайтын қалааралық бағыттардағы пойыздарда анау айтқан қымбатшылық жоқ.

Вокзал бастығының кезекші көмекшісі Эльмира Аманбаеваның айтуынша, бұл бағыттардағы пойызда жүру ақысы бұрынғы күйінде қалмақ. Мәселен, «Шымкент-Түркістан» бағытындағы пойыздағы плацкарт вагондарға билет – 286 , «Шымкент-Сарыағашқа» жолкіре құны – 311, Арысқа – 130 теңге.

Шынар Оразова