Шымкенттік оқушылар Кембридж оқыту әдісімен білім алуда

Оқушылардың қабілетін ашатын жаңа бағдарлама

Жаңа технология 45 минут бойына оқушылардың оқытушыны тыңдап қана қоймай, топтық ұжымда жұмыс жасап, өз ойын ашық айтуына және пікір алмасуына мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, осы арқылы мұғалімдердің уақытын да тиімді пайдалануға болады. Ал бастысы оқушылар арасында сабаққа деген қызығушылық артпақ.

Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісуде
Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісуде

«Біз қыркүйектен қараша айына дейін жаңа білім беру жүйесін меңгердік. Бұл мұғалімдер үшін де, оқытушылар үшін де өте тиімді. Мұнда оқушырдың өздері ойлануға, сөйлеуге, бір бірінін ойын қайталамауға  үйренеді.  Оның нәтижесін бүгінде көріп отырмыз. Өйткені, олар қызығушылықпен сабаққа қатысады. Барлық тапсырмаларды өздері орындайды», -дейді бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Орынбекова.

Оқушылардың қабілетін ашатын жаңа бағдарлама
Оқушылардың қабілетін ашатын жаңа бағдарлама

«Біз 45 минуттың ішінде көп мәліметтен хабардар боламыз, әрі барлығымыз бағаламыз. Басқа оқушылардың да сабаққа дайындығын көріп үлгереміз. Сабақ өте қызықты өтеді «,- дейді үшінші сыныптың оқушысы Ұлжалғас Дүйсенова.

Жаңа технология № 72 мектепте өткен семинар барысында таныстырылды. Үш айлық курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ, ағылшын және биология пәндерімен қатар төменгі сынып бойынша сабақ өтіп, жаңа әдістің тиімділігі мен артықшылығын көрсетті.

Бүгінде жаңа әдісті меңгерген оқытушылардың саны 60. Жаңа технология арқылы білім беру болашақта барлық білім ошақтарына енгізілмек.