«Ордабасы» тағы екі легионермен толықты

221
"Ордабасы" ФК бас бапкері В. Масудов /фото Tengrinews.kz сайтынан алынған/

Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы алғашқы оқу-жаттығу жиынынан оралды. Осы уақыт аралығында олар тағы екі легионермен келісім шартқа қол қоймақ ойда. Мухамед Арури, Бабатунда Коллинз, Мансур Гуйе және Эндрю Мвесигманың қатарын болгариялық Йордан Юруков пен сербиялық Огнен Дамьянович толықтырмақ.

Йордан Юруков - Шымкентте ептілігін сынға салатын болады, фото www.en.wikipedia.org
Йордан Юруков – Шымкентте ептілігін сынға салатын болады, фото www.en.wikipedia.org

Йордан Юруков – Болгарияда 1983 жылдың 2-інші қазанында дүниеге келген.  Ол Болгарияның бірқатар клубтарында ептілік танытып та жүргенге ұқсайды. «Славия София», «ЦСКА София» сынды командалардың намысын қорғаған. Ал соңғы ойын көрсеткен клубы : «Миньор Перник». Бойы 1,80 см.

Ордабасылықтар тағы бірнеше күннен кейін Түркияға жол тартатын болады.

Ел Кубогі үшін таластың алғашқы кездесуінде ордабасылықтар Махтаралдың футболшылармен кездессе, «Қыран» футбол командасы «Жетісумен», ал «БИИК»-тің жастары қарағандылық «Шахтермен» таласқа түседі.