Зейнетақы 9 пайызға өсті

409
Зейнетақы 9 пайызға өсті
Зейнетақы 9 пайызға өсті
Зейнетақы 9 пайызға өсті

2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап зейнетақы көлемі біршама өсті. Бұл жаңалықты Айсара Бакирова да алғашқылардың бірі болып естіген. Дегенмен, аса қуанып отырған жоқ. Онсыз да жыл сайын жаңа жылдан кейін қымбаттайтын азық-түлік бағасы енді тіпті шарықтайды деген қауіптенеді көпбалалы ана.

Айсара Бакирова, Сарыағаш ауданының тұрғыны: «Зейнетақы мөлшері көтерілгені жақсы ғой. Бірақ барлығы енді қымбаттайды. Коммуналдық төлемдерден бастап, тауарларға дейін».

Жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы жасы жеткілікті. Ал зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілі болмаған азаматтарға ең төменгі базалық көрсеткіш – 9330 теңге зейнетақы тағайындалды.

Науаткүл Төребекова,  зейнетақы төлеу  мемлекеттік орталығының ОҚОФ бас маманы: «Біріншіден тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері -9 айлық есеп көрсеткіш-15 579 теңге, екіншіден тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері -8 айлық есеп көрсеткіш- 13 848 теңге болып көтерілді. «Алтын  алқа», «Күміс алқа»  төс белгісімен марапатталған аналарға 6 айлық есеп көрсеткіш-10 578 теңге арнаулы мемлекеттік  жәрдемақы төленеді.  Бірге тұратын 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға берілетін арнаулы мемл.жәрдемақы мөлшері 6 876 теңге болып көтерілді».

Зейнетақымен бірге мемлекеттік жәрдемақының да көлемі көбейді. Алайда, сондай жәрдемақы алатын көпбалалы аналардың бірі Зауре Садықова қосылған қаржының мөлшері бала-шағасын асырауға жететініне күмәні бар.

Зәуре Садықова, «Достық» шағынауданының тұрғыны: «7 балам бар. Күйеуім тастап кеткен, өзім жұмыс істемейміңн. 6 мың тенге жәрдем ақы аламын. Балаларым мектепке баруға жылы киім сатып алуға да қаржы жоқ. Мүгедек балам бар».

Зәуре сияқты 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасына 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап бір күнкөріс деңгейі мөлшерінде – 18 660 теңге жәрдемақы беріледі. Мүгедектікке байланысты мемлекеттік жәрдемақының көлемі де көтерілді. -1 топтағы мүгедектер -25 378 теңге, 2-топтағылар -19780 және 3-ші топтағы азаматтар 13 809 теңге алады. Бұл төлемдердің барлығы Халықбанкі арқылы төленеді.

Ануар Мақұлбаев, Халық банкінің ОҚОФ директоры: » Жаңа Жылдық мерекелерге  байланысты 3-нен бастап төлемдерді төлей бастадық. Ертең сенбі күні  түске дейін адамдар жәрдемақысы мен зейнетақысын ала алады. Сосын мереке күнінен кейін 8 қаңтардан бастап төлемдерді  беруді жалғастырамыз».

Бұған қоса тағы бір айта кетер жаңалық – бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін әйелдерге бюджеттен ай сайын тағайындалатын жәрдемақының да көлемі көтерілді. Бірінші балаға – 9 521 теңге, екінші балаға 11 252, ал үшінші балаға 12 983 теңге.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kgHUzEaqSJ4[/youtube]