Қазақ-Өзбек шекарасында жараланған жігіт бүйрексіз қалды

771
Қазақ-өзбек шекарасы, Ынтымақ ауылы
Қазақ-өзбек шекарасы, Ынтымақ ауылы
Қазақ-өзбек шекарасы, Ынтымақ ауылы

Шекарадағы атыс кезінде зардап шеккен қазақстандықтың бір бүйрегін алып тастауға тура келді. Тіпті ішегінің бірәз бөлігі кесілген. Дегенмен оның беті бері қарады-дейді дәрігерлер. Естеріңізде болса кеше Қазақ-өзбек шекарасынан заңсыз өтіп кеткен 26 жастағы Сарыағаштық тұрғынды өзбек шекарашылары атып тастаған еді. Шын мәнінде мұнда не болды? Зардап шегуші не дейді?

Шекарада оқ тиіп ауруханаға жеткізілген Ынтымақ ауылының 26 жастағы тұрғыны қазір жани сақтау бөлімінде. 2-ақпан күні Аброр Шамаров беліне тиген оқ жарақатымен Сарыағаштағы орталық ауруханаға әкелініп, дәрігерлер жедел ота жасауға мәжбүр болған. Оқ ер адамның құрсақ қуысын тесіп өткен, оның бүйрегі мен ішектері қатты зақымдалыпты.

Бақтыбек Өмірзақов, Сарыағаш аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі: «Науқас Аврар Шаманов таңғы сағат 6-30 да ауыр халде келіп түсті. Оқ сол жақ бүйрегін және ішегін тесіп өткен. Бірден ота жасады, қазір науқастың жағдайы бірқалыпты»

Қазақ-Өзбек шекарашыларынан зардап шеккен Сарыағаш ауданының тұрғынына ота жасалып, бір бүйрегін алып тастауға тура келіпті. Зақымданған ішектің де біразы кесілген. Жәбірленуші таңғы бес жарымда мал қарауға шықтым дейді. Шекара сызығы тура қорасының артынан өтеді екен. Соны абайсызда кесіп өтсе керек, арғы беттен екі рет оқ атылыпты.

Аброр Шамаров, Ынтымақ ауылының тұрғыны: «Мал қора жақтан екі бала қашып бара жатыр еді. Мен ойладым: «мал ұрлауға келді», деп. И, сол жаққа бардым, шекара жаққа. Өзбекстанның солдаттары өзбекшелеп «Тоқта! Тоқта!» деді де бір рет атты. Екінші рет атқанда тигенін өзім де білмей қалдым».

Бірақ Аброр Шамаров аяқасты жәбірленуші емес, заңбұзушыға айналып кетті. Ресми органдар «Сарыағаш ауданының тұрғыны шекараны заңсыз өтпек болды» деп отыр.

Ал бұл кезде ауыл тұрғындары бұл қазақ-өзбек шекарасындағы « алғашқы жағдай емес» дейді. Айтуларынша, екі жыл бұрын да тура осы елді мекенде есіктің алдын сыпырып жүрген 17 жастағы қызға оқ тиген. Шекара қызметінің директоры болса бұдан астар іздеудің керегі жоқ дейді.

Абай Бірекешов, ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының бірінші орынбасары: «1999 жылдан бері осы шекара қызметінде жұмыс істеймін. Сол кезде шекара қандай еді? Естеріңізге түсіріңіздерші Үйлері бір жақта, қоралары бір жақта. Қазір тәртіп орнаған».

Дегенмен, қазір Ынтымақ ауылында болған жағдайдың анық-қанығын әскери тергеу қызметі тексеріп жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sN6XUMWFGWk[/youtube]