Ауыл тұрғындарын алдаған алаяқтар сотталды

Қос алаяқ бұл істерін өткен жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асыра бастаған екен
Қос алаяқ бұл істерін өткен жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асыра бастаған екен
Қос алаяқ бұл істерін өткен жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асыра бастаған екен

Қырық адамның аузын аңқайтып кеткен алаяқтар. Әл Фараби аудандық сотында алаяқтықпен айналысқан екі азаматқа қатысты үкім шықты. Анықталғанындай сотты болғандар Қазығұрт ауданындағы Шарапхана ауылының тұрғындарына өздерін халық емшісі және банк қызметкері ретінде таныстырған.

Қулығы асқан екеу алғашында ауыл тұрғындарына тұрмыстық техникаларды несиеге алуға атсалысса, кейіннен банк арқылы миллиондап ақша тауып беруге көмектесеміз депті. Өздерінің осындай қызметіне халықтан ақша, алтын тіпті, пластикалық карточкалар да алыпты. Осылайша, алаяқтықтан түскен жалпы шығын мөлшері 5 млн. теңгеге жеткені анықтылды.

Таклима Ахметова, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы: «Сот Ақмал Игантаевты айыпты деп тауып, 4 жыл бас бостандығынан айыруға үкім етті. Ол жалпы режимнің түзеу колониясында өз жазасын өтейтін болады. Сотталушы Тәжібаеваға сот 2 жыл 6 айлық жаза өтеу мерзімін тағайындады».

Бұдан бөлек, сот зардап шегушілерге ақшасын қайтаруды да міндеттеді. Енді сотталушылар алданған 40 азаматтың шығынын өтеу үшін 5-7 млн. теңге табуы тиіс. Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ. Қарсы тараптың қайта шағымдануына 15 күн уақыты бар.