Мектеп оқушыларынан 12 қару тәркіленді

439
Сарыағаштағы 7 мектеп, 1 колледжден 12 қару тәркіленген

 

Сарыағаштағы 7 мектеп, 1 колледжден 12 қару тәркіленген
Сарыағаштағы 7 мектеп, 1 колледжден 12 қару тәркіленген

ОҚО-да оқушылар қару асынып жүретін болған. Енді полицейлер мектептерден жаппай қару-жарақ тәркілеуге кірісті. Нәтижесінде 7 мектеп, 1 колледжден жалпы саны 12 қару тәркіленген. Олардың бірқатарын жасөспірімдер жасырын жағдайда мектептердің арнайы ашылған бөлмелеріне тапсырған болса, енді бірінде ата-аналары үйлерінен алып келіп беріпті.

Мырзахмет Өтегенов, Сарыағаш ауданы прокурорының көмекшісі: «Қаруды өткізген оқушылар мен олардың ата-аналарына заңда көрсетілген жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, олар өз еріктерімен бұл қаруларды өткізіп отыр. Және бұл қаруларды біз күшін жою үшін аудандық ішкі істер басқармасына жолдаймыз».

Аталған ұсыныстарды қарау нәтижесінде 5 мектеп директоры қызметінен босатылса, колледж директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.