Шымкентке күніне 2 келі ет жинайтын сиыр әкелінеді

431
Ангус сиыры ең етті жануардың бірі саналады

 

Ангус сиыры ең етті жануардың бірі саналады
Ангус сиыры ең етті жануардың бірі саналады

Оңтүстіктің шаруалары мал бордақылауды канадалық әріптестерінен үйренеді. Екі жақты тәжірибе алмасу үшін Шымкентке канадалық қонақтар келді. Оларды «Internatinal Genetics LTD» компаниясының директоры Уильям Янг бастап келді. Сөйтіп, облысымыздағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қолдауымен өткен шеберлік-сабаққа өңіріміздің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер жиналды.

Кездесуді канадалық кәсіпкер бірден өз мақтаныштарын жеткізумен бастады. Айтуынша, Ангус тұқымды сиырды жақсылап бақсаң, күніне 2 келіге дейін ет жинайды. Бұдан бөлек сүтті сиырдың екі, етті жануардың жеті түрі бар. Олардан жақсы өнім алу үшін жеткілікті жем-шөп пен мыңдаған шақырым жайылымың болуы тиіс. Оған қоса мал дәрігерлерінің де көмегі қажет-ақ.

«Бұл жағынан бізідң жолымыз болды» дейді Янг мырза. «Қаламызда «Анлантик» мал дәрігерлік колледжі бар. Сондықтан, алысқа сабылмай-ақ сол оқу орнының дәрігерлермен 10 жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз».

Жергілікті кәсіпкер Мәмбеталив Серік мал бордақылаумен 10 жылдан бері айналысып келеді. Жақында кәсібінің аясын кеңейту мақсатында шетелден жас төлдер сатып алған. Қазір бағылып жатқан сол тайыншаларым өссе, болашақта төл өзмізден шығар еді дейді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандарының айтуынша, бұл жолғы таңдаудың дәл осы канадалықтарға түсінің өзіндік себебі де бар. Орталықытң директоры Нұржан Әлтаевтың айтуынша, Қазақстанның Оңтүстігі мен Канаданың ауа райы ұқсас. Әсіресе, екі елдің қысы бірдеу деуге болады.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары алдағы уақытта тек сабақ өтумен шектеліп қалмаймыз дейді. Ол үшін шетелдіктер Оңтүстіктке алты ай болып, бар білгенін жергілікті кәсіпкерлерге үйретеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=atEnUMLS07I[/youtube]