Шымкентте 43 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Кезектегі 43 мың баланың 18 мыңы 3 пен 6 жас аралығында
Кезектегі 43 мың баланың 18 мыңы 3 пен 6 жас аралығында
Кезектегі 43 мың баланың 18 мыңы 3 пен 6 жас аралығында

Шымкентте 43 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Олардың ішінде 3 пен 6 жас аралығындағы 18 мың балаға мектепке дейінгі мекеме ауадай қажет. Қалалық білім бөлімі шаһардағы балалардың 70 пайызы балабақшамен қамтылған деп отыр. Мұндай нәтижеге мемлекеттің жылдар бойы жасаған қамқорлығының нәтижесінде жеттік дейді.

Мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы әлі де сезіледі дейді білім бөлімінің бастығы. Осы проблеманы шешу үшін қазір балапан бағдараласының жұмыс істеп жатқанын айтады.

Жанат ТӘЖИЕВА, қалалық білім бөлімінің бастығы: «Ата-аналар өте көп келеді. Кезекке бүгін қойған баласын ертең балабақшаға ал дейді. Бізде жекеменшік 75 балабақша болса, соның 65-не мемлекеттік тапсырыс бойынша бүлдіршіндерді жібереміз. Қазір ата-аналар солардың әрбірі үшін 7200 теңге төлеп жатыр».

Кезекте тұрған бүлдіршіндердің 68,3 пайызы мектепке дейінгі мекемеге барып жүр. Бірақ балаларды балабақша орналастыру проблемасы қазір басқа мәселенің басын қылтитты. Олай дейтініміз қазір шаһардағы барлық мекеме бала біткенге лық толы. Солардың бірі «Нұрсәт» балабақшасы. 280 сәбиге арналған орында қазір 500 бала қысылып-қымтырылып тәрбиеленіп жатыр.

Айжан ЕЛШІБАЕВА, әдіскер: «Әрине 280 балаға арналған балабақшада ең болмағанда 300-350 баланың болғаны жақсы. Әйтпесе, 500-ден аса бүлдіршінді тәрбиелеу мамандарға қиынға соғады. Десе де, біздің мамандар барлық балаға бірдей қарауға тырысып жүр».

2013 жылы Шымкенттегі 10 мектепте шағын орталықтар ашылатын болады. Білім бөлімінің мамандары осылай дейді. Соның нәтижесінде баланы балабақшамен қамту үлесі 72 пайызға жетеді деп жоспарлануда екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1RXc5bjAjEk[/youtube]