Шымкенттік өнімді европалықтар да тұтынады

290
Мұндағы құралдардың барлығы жаңа

«Мақта өндірісі – целлюлоза» зауыты арнайы экономикалық аймақта орналасқан. Іскер азаматтардың жаңа кәсіпорынды ашуына осындағы жеңілдіктер көп көмегін тигізіпті. Атап айтқанда салық және коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдіктер бар. Ал үнемделген қаржыны өндіріс аясын кеңейтуге жұмсауға болады. Оның үстіне отандық өнімнің шетелдік тауардан айырмашылығы бар. Осылай деп мақтанышпен айтқан кәсіпкер Қайнар Абасов өздерінің өнімдерін Европа елдеріне жеткізіп жатқандарын айтты.

Мұндағы құралдардың барлығы жаңа
Мұндағы құралдардың барлығы жаңа

Кәсіпорынның кешендік өндірісі бар. Мұндағы қызметкерлер мақтаны өздері өсіріп, өздері өңдейді. Одан қалғанын қайта іске жаратып, карбоксиметилцеллюлоза шығаруға болады. Нәтижесінде өндірістен қалдық шықпайды. Оның басты себептерінің бірі – өндірістегі құрал-саймандардың барлығы жаңа әрі соңғы заман талаптарына сай.

Жұмысшылар да жаңа технологияларды қолданады. Ал алдағы жоспарланып отырған өнімнің тұтынушысы да қазірден табылып қойған. Кәсіпорынмен әріптес болуға «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қорының өкілдері дайын отыр. Бұған қоса өндіріс орындарында жаңа жұмыс орындары да ашылады деп күтілуде.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=C4aYsPrOiGI[/youtube]