Түркістанда «Қазпошта» тоналды

313
Түркістан қаласы

 

Түркістан қаласы
Түркістан қаласы

Түркістанда тапа-тал түсте «Қазпошта» тоналды. Бетперде киген белгісіз екеу қарумен қорқытып, есепшіден 30 мың теңгені қымқырып кеткен. Ғимараттың ішінде 2 қызметкерден бөлек күзетші болған.

Қолында шолақ мылтық пен пышағы бар қарақшылар қорапта жарылғыш зат бар деп қорқытқанына қарамастан күзетші қарсыласып бағады. Алайда, оны баукеспелер пышақпен бірнеше жерінен жарақаттап іздерін суытқан.

Ұсталған екі азамат 1965 және 67-шы жылы туған Түркістан қаласының тұрғындары. Олар бұл әрекетке ішімдікке ақшалары жетпегендіктен барғанын мойындаған. Бұған дейін есірткі саудасымен айналысқаны үшін сотты болғандар енді тағы да темір торға тоғытылатын болды.

Күдіктілерге қатысты қарақшылық және адам өлтіруге оқталу әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалды.