Жетім өскен ана өз перзенттерін де жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр

Олардың үйінде тіпті шай ішетін пиала да жоқ
Жанерке Темірбаева
Жанерке Темірбаева

Екі баламды да жетімдер үйіне өткіземін! Тассай ауылының тұрғыны Жанерке Темірбаева осылай жасауға мәжбүр екенін айтып, арнамызға келді. Айтуынша, жалғызбасты келіншек мұндай қадамға шарасыздықтан барып отыр. Екі күннің бірінде аш қалатын балаларына тастап кеткен әкесі алимент те төлемейді екен.

Қос баланың анасы Жанерке Темірбаеваның мұндай жағдайда күнелтіп жатқанына 2 жылдан асты. Балаларымен таңды ашқұрсақ аттыратын күні де сирек емес. Үйсіз, күйсіз өміріне ашынған келіншек соңғы кездері перзенттерін жетімдер үйіне беруге бейл байлапты. Ең болмағанда тамағы тоқ, көйлегі көк болады ғой дейді. Алайда, өз шешіміне өзінің ет жүрегі езіледі. Өйткені, Жанеркенің өзі балалар үйінің түлегі. Ана мейірімінсіз бөбектерінің қатты қиналатынын жақсы түсінеді.

Жанерке ТЕМІРБАЕВА, жалғызбасты ана: «Кейде қатқан нан жеп, кейде кешке дейін аш отыратын күндеріміз болады. Кейде қолымнан келгенінше біреулердің ыдыс-аяғын жуып берем. Үйін әктеп берем ақшаға. Қалай болса да нанымызды тауып жесек екен деймін. Осындағы кафелерге барып, ыдыс, еден жуам. Кейде түнгі уақытқа дейін ұстайтын кездері болып қалады. Ал балаларымды қамап кетем».

4 жыл бұрын ол оң босағаны аттап, Темірбаевтар әулетінің келіні атанған болатын. Ата-ана мейірімінен мақұрым өскен кейіпкеріміз сол кезде, енді ата-ене махаббатына бөленем деп қуанған еді. Бірақ үміті ақталмады. Құда-құдағиының болуын армандаған ене келінін баласынан ажыратады. Содан бері балаларынан бас тартқан әке небәрі 30 мың теңге алимент төлеген. Бұл Жанеркенің айтуы.

Қос құлыны – Нұрасыл мен Нұрислам шырылдап жылағанда Жанерке жанын қоярға жер таппайды. Жұмыс істейін десе, балаларына қарайтын адам жоқ. Ал оларды жетімдер үйіне өткізуге түпнұсқа құжаттары тамақ алып, қарызданған дүкендерде жатыр. Кепіл қағаз ретінде. Оның қолына қашан тиетіні белгісіз.

Жанерке Темірбаеваның ұялы телефоны – 8 705 886 22 66

Олардың адам аярлық жағдайда тұрып жатқанына 2 жылдан асты
Олардың адам аярлық жағдайда тұрып жатқанына 2 жылдан асты
Бұл Жанеркенің отбасындағы күнделікті жағдай. Газ плитасымен жылынатын олардың бірі жақында жамбасын да күйдіріп алыпты
Бұл Жанеркенің отбасындағы күнделікті жағдай. Газ плитасымен жылынатын олардың бірі жақында жамбасын да күйдіріп алыпты
Олардың үйінде тіпті шай ішетін пиала да жоқ
Олардың үйінде тіпті шай ішетін пиала да жоқ
Екінші баласы Нұрислам әлі бір жасқа да толған жоқ
Екінші баласы Нұрислам әлі бір жасқа да толған жоқ

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qlFOcb0B31E[/youtube]