Ұлы Абайды сомдаған әртіс 70 жасқа толды

807
ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сапар Өтемісов
ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сапар Өтемісов
ҚР еңбегі сіңген әртісі Сапар Өтемісов

ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР мәдениет қайраткері, » Парасат» орденінің иегері Сапар Өтемісов 70-те. Осыған орай Абай атындағы кітапханада өнер иесімен кездесу өтті.

Мерейтой иесінің жүздесуі дәл осы кітапханада өтуі де тегін емес. Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрының сахнасында Сапар Өтемісов Ұлы Абайдың тұлғасын сомдаған бірегей актер.

Бозбала Абай, жігіт Абай, жігіт ағасы Абай, дана Абай… Ұлы Абайдың бүкіл болмысын өзінің өмір соқпақтарымен, өнердегі баспалдақтарымен   біте қайнастыра білген Сапар аға келді 70-ке.

Облыстың қара шаңырағы Ж.Шанин атындағы  облыстық драма театрында жас буынды тәрбиелеп, кейінгіге ақыл қосқан білікті актер 180-нен астам образды жандандырған сахнада.

Сондай-ақ, Ленин сынды тарихи, Мәди сынды елінің дара тұлғаларын сахнада жан бітірген өнер иесінің театрдың өркендеуіне қосқан үлесі мол.