Алкоголь сатуға лицензиясы жоқ

367
Алкоголь өнімдеріне рейд ұйымдастырылды

 

Алкоголь өнімдеріне рейд ұйымдастырылды
Алкоголь өнімдеріне рейд ұйымдастырылды

Алкогольді өнімдерді сатудағы заң бұзушылықтар тиылар емес. Мұны арнайы рейдке ұйымдастырған Еңбекші аудандық салық басқармасының мамандары мәлімдеп отыр. Тексерілген 10 сауда нүктесінің жетеуінің лицензиясы жоқ.

Құнанбай Темірбеков, Еңбекші аудандық салық басқармасының бас маманы: «Алкогольді өнімдерге заң бойынша қажетті құжаттары болмаса бұл контрабандалық тауармен тең. Ол сот шешімімен тәркілеп алынады. Мұны сатушылардың көбі біле бермейтін болар бәлкім».

Лицензия, тіркеу карточкасы, тасымалдың заңды екендігі жөніндегі құжат. Бұл дүкеннің иесіне алккогльді өнімді сатуға құқығы бар.

Елена Любушкина, бас бухгалтер: «Біздің клиенттеріміз өнімнің сапасына сенімді болуы үшін, әрі салық және өзгеде бақылаушы органдармен мәсее туындамасы үшін біз бәрін заңдастырамыз. Бұл өзіміз үшін де жақсы».

Алайда, құжатқа осылай салғырт қарамайтындар кемде-кем дейді салықшылар. Тек рұхсат қағазсыз кәсіпкер тауарсыз қалып, әрі 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтінін ұмытпаса болғаны.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=x46U-d8otgA[/youtube]