Мектеп оқушысын азаптап өлтірген жігіт рақымшылыққа ілігуі мүмкін

Мадияр Шүкірді 2012 жылдың 1 қыркүйегінде пышақтап өлтірген
Жәбірленушілер айыптының кемінде 10 жылға сотталуын талап етеді
Жәбірленушілер айыптының кемінде 10 жылға сотталуын талап етеді

Аппеляция ақтамады. Мектеп оқушысын азаптап өлтірген 17 жастағы жігіт 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын деген сот үкімі сол күйінде қалды. Естеріңізде болса, бұған дейін жәбірленуші тараптың аппеляциялық сотқа шағымданғанын хабарлағанбыз. Яғни олар ұлымызды өлтірген қаніпезер жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтесін деген. Бірақ олардың талабы орындалмай қалды.

Ыбырай МАТИБАЕВ, судья: «Кәмелетке толмаған Әлібекке қатысты сот үкімі өзгеріссіз. Оның адвокаты Керімбековтің, сотталған Әлібектің және оның адвокаты Сыздықовтың, заңды өкілі Алибекованың аппеляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын. Азаматтық талап азаматтық сот тәртібімен қаралу үшін түсіндірілсін. Осымен сот отырысы аяқталды».

Соттың бүгінгі шешімі де жәбірленушілердің соңғы тілегін күл-талқан етті. Жалғызынан айрылған ата-ана сотталушы үшін 7 жарым жыл аз дейді.

Бибігүл Нұржанова, марқұмның анасы: «Қаралмаған ешқандай да. Шала жүрген күйі қалып тұр ғой енді. Жүрегім жұлынып кете жаздайды ойлағанымда. Өліп қалмағаннан кейін отырады екенсің. Мына суреттен басқа ештеңем жоқ ол баладан. Ақтық жағын іздестірем менде. Қоймайм бұл жұмысты. Жалғыз балам өлді екен деп. Барам менде баратын жеріне. Ізденем».

Мадияр Шүкірдің әкесі:  «Кемі 10 жыл. 10жылдан төмен болмау керек.  менің сұранарым 96-ның 2-сі. И,О тармағымен. 96-ның бірі емес. Бұзақылық ниетпен барып отқан бала бұл».

Мадияр Шүкірді 2012 жылдың 1 қыркүйегінде пышақтап өлтірген
Мадияр Шүкірді 2012 жылдың 1 қыркүйегінде пышақтап өлтірген

Ал судья Ыбырай Матибаев болса, бұл талаптардың орындалуына негіз жоқ дейді. Бұрынғы шешімнің өз күшінде қалуы сондықтан екен. Жәбірленушілердің сөзінше, жасөспірім бұл үкім бойынша түрмеге тоғытылатын болса, рақымшылыққа ілігіп кетуі мүмкін. Олар сотталушы арада бір жыл өтпей бостандыққа шығып кете ме деп алаңдайды.

Марқұм болған Мадияр Шүкірден бар қалғаны тек суреттер ғана. Бауыр еті баласынан айырылған әке-шешенің қазір қайғысына тағы бір батпан мұң қосылған. Сотта ұлының денесіне 8 сантимерлік шаппа соғылған деп көрсетілген екен. Олар баламыз ұзындығы 15 сантиметрлік пышақпен жарақат алған дейді. Ал азайтып көрсету арқылы айыпталушының жазасын жеңілдетіп жіберген деп отыр. Осының жәйін білу үшін сот сараптамасының табалдырығын тоздырып, қағаздағы сызбаны арқалап зыр жүгіріп жүр. Дәлелдесе жоғарғы сотқа шағымданбақшы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bWz_2X5zmDs[/youtube]