Оңтүстікте бұршақ жауып, жылымық қар болады

550
Шымкентте бұршақ жаууы мүмкін
Шымкентте бұршақ жаууы мүмкін

«Қазгидромет» ОҚО филиалының синоптиктерінің мәлімдеуінше, наурыз айының соңғы күні шымкентте күн суытады. 31-ші наурызда басталған жаңбыр соңы бұршаққа ұласуы мүмкін.

Тәулік бойы қатты жауын шашын орын алады деп күтілуде. Сәуірдің 1-ші жән 2-ші жұлдыздарында да ауа райы салқын болмақ. Тәуліктеп толастамай жауған жаңбыр соңы кей жерлерде жылымқы қарға ұласады.  Жел күшейіп, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м-с-қа дайін жететін болады. Ауа температурасы күндіз 8-13 жылыдан, кей жерлерде бар жоғы 5 градус жылылықты көрсетуі мүмкін. Ал түнде 0,-5 аязға дейін суық болуы мүмкін. Көктемнің құбылыңқы ауа райы сәуірдің 3-нен бастап жылына бастайды. Ауа температурасы +18,+23 жылылықты көрсетеді деп болжайды облыс синоптиктері.