Ретсіз саудаға жол жоқ

311
ретсіз сауда қатарларымен күрес жалғасуда
ретсіз сауда қатарларымен күрес жалғасуда
ретсіз сауда қатарларымен күрес жалғасуда

Ретсіз саудамен күрес жалғасуда. Бүгін Еңбекші аудандық әкімдігімен бірге, рейдке шықтық. Күрестің нәтижесін көзімізбен көріп қайттық. Осыған дейін, бір емес, бірнеше рет ескерту алған сатушылардың орны бұзылып, тағы да хаттама толтырылды.

Адырбеков көшесінің бойындағы «Қазына» сауда үйіне қарама-қарсы бет Еңбекші ауданының еншісін де екен. Өз жұмысын осы аймақта бастаған топ, бірден екі сатушыға хаттама толтырып, ескерту берді. Тұрмыстық заттарды сататын Айнұр Кенжееваға бұл алғаш берілген ескерту. Сауда дүңгіршігінің тарлығын алға тартқан ол, енді ретсіз сауда жасамаймын деп отыр.

Айнұр Кенжеева, сатушы: «Будканың ішінде сауда болмайды. Жолға қойсақ, жақсы өтеді. Енді болмайды деп жатыр, заңға бағынамыз. Бәріне ортақ болса, бізде орындаймыз».

Заң бәріне ортақ
Заң бәріне ортақ

Қаланың «Теріскей» шағынауданы маңындағы «Құлтай» базарының алдынан аяқ алып жүру мүмкін болмайтын. Ретсіз сауда қатарларымен күрескен топтың күні-түнгі жұмысының арқасында біршама ретке келіп қалыпты. Сатушылар заңға бағынып, биліктің талабын орындап жатыр.

Даурен Досжанова, қалалық кәсіпкерлік және ауылшарушылығы бөлімінің маманы: «Бұл жерде базар әкімшілігімен бірге жұмыс істедік. Уәде берді, орындап жатыр. Енді мұндай бей-берекетсідік болмайды. Тексеру жұмыстары тоқтамайды, үздіксіз жүргізіле береді».

Ретсіз сауда қатарлары жойылуда
Ретсіз сауда қатарлары жойылуда

Үздіксіз жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ретсіз сауда қатарлары жойылып келеді. Десе де Еңбекші ауданына қарасты Көктем базарының айналасы мен, Бижанов сауда қатарлары ретсіз сауданың ордасына айналып отыр. Алайда, жұмысшы топ, олардың да көзін құртуға бел байлап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3xt7UqUGjKU[/youtube]