Сарыағаштағы қараша ауыз сусыз қалды

497
Мұнда шамасы келгендер аулаға құдық қазып, онысына құлып салып қойған

 

Мұнда шамасы келгендер аулаға құдық қазып, онысына құлып салып қойған
Мұнда шамасы келгендер аулаға құдық қазып, онысына құлып салып қойған

Сарыағаш ауданында екі бірдей елдімекенге тартылған су құбырлары мен ұңғымалар пайдаға аспай жатып, жарамсыз күйге түскен. Салдарынан Алпамыс батыр ауыл әкімшілігіндегі бес мыңға тарта халық ауыз суға зәру болып отыр. Тіршілік нәрінен тарыққан жұрт жылдар бойы ағын суды да қанағат етіп келген. Алайда, Өзбекстан тарапы қысымен ағын суды да шектеп тастапты.

2008 жылы Алпамыс батыр ауылына мемлекет тарапынан 64 млн. теңге қарастырылып, су ұңғымасы салынған болатын. Алайда, содан бері бірде-бір тамшы су ақпаған. Ауылдықтар қазір ауыз суға зар болып отыр. Көрші Қауыншы елдімекенінде де дәл осындай жағдай. Онда да ел қазынасынан 40 миллион теңгеге су құбырлары салынған. Бірақ, жоба аяқсыз қалып бәрі жарамсыз күйге жеткен. Соған қарамастан бұрынғы ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшылары құбырлардан су шықты деп, қабылдап қойған. Ал, тұрғындар болса әлі күнге дейін суды көрші ауылдан тасып, оны қысымен сақтап ішуге мәжбүр.

Көпқабатты тұрғын үйдегі жұрттың жағдайы мүлдем қиын. Мұнда шамасы келгендер аулаға құдық қазып, онысына құлып салып қойған.

Тұрғындар суды төтенше жағдай бола қалғанда да таба алмаймыз деп отыр. Жақында ғана біреудің сарайы өшірерге су болмағандықтан ішінде мүлкімен түгел жанып кетіпті. Халық жергілікті биліктен де талай көмек сұрағандарын айтады. Бірақ, ешбір нәтиже шықпаған. Керісінше әкім ауысқан сайын алдаумен келеді дейді.

Белгілісі құбыр тартқан мердігер сотталып кетіпті. Сондай-ақ бұған дейін ауылда әкім болған азамат қызметінен шеттетілген. Ал тағайындалғанына апта да болмаған су жаңа әкім іске енді кірісіп жатырмын деп ақталды. Айтуынша бастапқыда жобалау жұмыстарында кеткен қателіктен су тартылып, шықпай қалған. Енді мемлекет тарапынан 10 млн. теңге бөлініп жаңа жоба жасалатын көрінеді.

Яғни, екі бірдей елді мекенге қайта жүз он миллион теңгеге басқа жақтан құбыр тартылмақ. Алпамыс батырлықтарға тағы да күтуден басқа амал болмай тұр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mNL4vmrV5nc[/youtube]