Шымкентте А.Байтұрсыновтың 140-жылдығына арналған кеңес өтті

406
Университетте өткен кеңес барысы
Университетте өткен кеңес барысы
Университетте өткен кеңес барысы

Ғылым, техника және білім берудің басымдықтары. Бұл Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның негізгі тақырыбы болды. Отандық ғана емес, Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Қырғызстан ғалымдарының басын қосқан жиын Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінде өтті.

«Ұлым деген халық болмаса, елім деген ұл қайдан болады?» ғұламаның осы бір сөзі конференцияның негізгі ұраны. Сондықтан болар, мұнда шетелдік, отандық ғалымдар мен мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының білікті ұстаздары бас қосып Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялаудың теориялық және әдістемелік мәселелерін талқыға салды.

Тілек Исахметов, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінің ректоры: «Біз жастарды ғылымға баулу үшін, барлық жағдай жасалған. Өйткені олар ертеңіміздің иегерлері, болашағымыз. Сондықтан білікті әрі білімді мамандар даярлап шығаруда аянып қалмаймыз».

конференцияға қатысушылар
конференцияға қатысушылар

Жұмыстың қарқындылығы, қатысушылардың белсенділігі, ұсынылған ғылыми жұмыстардың байлығы-конференцияның басты құндылығы. Әрбір жас ғалым ұсынылған тақырыбын терең зерттеп, тыңғылықты дайындалған.

Университет тығыз байланыс орнатқан қаладағы бірнеше мектептердің мұғалімдері қорытынды секциялық резолюцияларды құрастыру ісіне белсенді қатысты. Мектеп-гимназиялардың оқушылары да белсенділік танытып, еліміздің болашағы есті, білімді ұрпақтың қолында екенін тағы бір дәлелдеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MkXVqEV_R1M[/youtube]